jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматылық тұрғын үшемді дүниеге әкеліп, көпбалалы ана атанды

    Үшемнің анасы мен дәрігерлер
    Үшемнің анасы мен дәрігерлер. Фото: Алматы әкімдігі

    39 жастағы Алматы тұрғыны үшемді дүниеге әкеліп, көпбалалы ана атанды. Бұл отбасында үшемнен бөлек, тағы үш бала өсіп келеді, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жүктілік табиғи жолмен, қосалқы репродуктивті технология қолданылмай-ақ жүзеге асқан. Мұндай жағдай акушерлік тәжірибеде сирек кездеседі.

    Сәбилердің анасына жүктіліктің 32 аптасында шұғыл түрде кесар тілігі жасалған. Түнгі сағат үш шамасында акушер-гинекологтар, анестезиологтар және неонатологтардан құралған көпсалалы медициналық команда жедел түрде жұмылдырылған.

    Осылайша, Алматы қалалық перинаталдық орталығында екі ұл бала мен бір қыз бала дүниеге келген. Ұл балаларға Заңғар, Айбар, қыз балаға Әсел деген есім берілген.

    Орталық директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Салтанат Ербулатованың айтуынша, медициналық ұжымның үйлесімді әрі кәсіби жұмысының арқасында босану асқынусыз өткен.

    Шала туған сәбилер алғашқы минуттан бастап бақылауға алынған. Қазіргі таңда нәрестелер салмақ қосып келеді, жағдайы тұрақты, алдағы уақытта үйлеріне шығарылмақ.

    Айта кетелік, бұған дейін Қостанай облысында үш ұлдың анасы үшемді дүниеге әкелген еді.

    Алматылық тұрғын үшемді дүниеге әкеліп, көпбалалы ана атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.