Роналдо Мерейұлы: қазақстандық блогерлер ұлына ерекше ат қойды
Опубликовано:
Читать на русском
Блогер Әсел Ерімбетова мен оның жұбайы Мерей Уразбеков жақында дүниеге келген ұлына ерекше ат қойды. Олар сәбиге әйгілі футболшының есімін берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Уразалы Роналдo Мерейұлы. Перзентханадан у-шусыз, тыныш қана шығамыз деп ойлап едік… Бірақ жігітім үйде сондай тосынсый дайындап қойыпты. Аллаға сансыз шүкір, осындай жанашыр, ойлайтын жолдасым бар екеніне. Бақыт деген – осындай қарапайым сәттер ғой", - деп жазады Әсел Ерімбетова Instagram-дағы парақшасында.
Кейінірек жұбайлар неліктен ұлдарына ерекше есім бергенін түсіндірді.
"Біреу батырдың, біреу атасының атын қояды, ал біз ұлымыз әлемдік деңгейде жүрсін, шекарасы тар болмасын деп қойдық.
"Қазақша ат табылмады ма?" дейтіндерге айтарым: Қазақтың рухы – атында емес, тәрбиесінде. Ал мен ұлымды нағыз қазақ қылып өсіремін, уайымдамаңыздар. Ең бастысы, бұл атты оған анасы мен әкесі сүйіп қойды. Қалғаны – жай фон", - деді Әсел Ерімбетова.
Ал желі қолданушылары ерекше есімге таңғалып, құтты болсын айтып, әлемге әйгілі мықты спортшы болуын тілеп, жылы лебіздерін жазып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/motherhood/2339542-ronaldu-mereiuly-qazaqstandyq-blogerler-uldaryna-aigili-futbolshynyng-atyn-qoidy/