Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Опубликовано:
Түркістан облысы Ордабасы ауданында салмағы алты келі болатын алып сәби дүниеге келді, деп хабарлайды аудандық ауруханаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ордабасы ауданындағы көпбейінді аудандық орталық ауруханада дүниеге келген нәрестенің салмағы – 6015 грамм, ал бойы – 63 см.
Дәрігерлер кеңесінің шешімі бойынша анасы кесар тілігі арқылы босанған.
"Ота сәтті аяқталып, бүгінде ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында. Бұл – ақ халаттылардың кәсіби біліктілігі мен жанашыр еңбегінің нәтижесі", - делінген хабарламада.
Айта кетелік, бұған дейін Атырау облыстық перинаталдық орталығында салмағы 5,8 келі, бойы 61 сантиметр болатын алып сәби өмірге келген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/motherhood/2340528-turkistan-oblysy-alyp-sabi-duniege-keldi/