RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Кейінірек оқу үшін: KAZ.NUR.KZ сайтында мақалаларды сақтап қою мүмкіндігі пайда болды

Жарияланған күні:

Мақалаларды кейінірек оқу функциясы
Мақалаларды кейінірек оқу функциясы: KAZ.NUR.KZМақалаларды кейінірек оқу функциясы

Сайтты қолдану енді тиімдірек бола түсті. KAZ.NUR.KZ сайтында мақалаларды бетбелгіге сақтау мүмкіндігі пайда болды. Қызықты материалдардың жеке тізімін жасап, оларға кез келген уақытта оралуға болады.

KAZ.NUR.KZ-тің функционалы жаңа мүмкіндіктермен толықты. Ресурс әзірлеушілер тобы сізге ұнаған материалдарды сақтап, оларды алғаш рет оқуға немесе қайта оқуға ыңғайлы ету үшін бетбелгілер функциясын қосты. Бұл функция арқылы сайттағы және мобильді қосымшадағы барлық мақаланы сақтауға болады.

Бетбелгі функциясының белгішесі веб-нұсқада — барлық мақаланың сол жағында, пікірлер, реакциялар және бөлісу белгішелерінің астында, ал мобильді нұсқада — астыңғы панельде басқа белгішелердің жанында, жарияланым астында, ал мобильді қосымшада — жарияланымның үстіңгі жағында жоғарғы панельде орналасқан. Мақаланы бетбелгілерге қосу үшін тек сол белгішені бассаңыз жеткілікті. Материал бірден сайттың жоғарғы сол жақ бұрышындағы тілдік нұсқалар жүгіртпесінің астында орналасқан «Бетбелгілер» бөліміндегі жеке тізіміңізде пайда болады.

Осылайша өзіңізге қызық контентті реттеп, ұнаған мақалаларды сақтай аласыз, сондай-ақ мақаланы кейін оқуды ұмытпау үшін кейінге қалдыра аласыз. Бұл уақытты үнемдейді және сайтты пайдалану мүмкіндігін одан да ыңғайлы етеді: дәл қазір қолданып көруге кеңес береміз.

Бұл опцияны сайттың веб-нұсқасы мен мобильді нұсқасының барлық қолданушысы пайдалана алады. Тіркелген оқырмандарға мақалалардың бетбелгілерде сақталу уақыты шектелмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/2158263-keiinirek-oqu-ushin-kaz-nur-kz-saitynda-maqalalardy-saqtap-qoiu-mumkindigi-paida-boldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif