Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұсқаулық: Apple ID-ді KAZ.NUR.KZ профилімен қалай байланыстыруға болады

Жарияланған күні:

Apple ID-ді арқылы KAZ.NUR.KZ-ке кіру
Apple ID-ді арқылы KAZ.NUR.KZ-ке кіру: KAZ.NUR.KZ

Сіз сайтқа екі профиль - телефон нөміріңіз және Apple ID арқылы тіркелдіңіз бе? Біз Apple ID-іңізді KAZ.NUR.KZ профиліне қалай тіркеу керектігі жөнінде нұсқаулық әзірледік.

KAZ.NUR.KZ-те екі бірдей профилі бар пайдаланушылар сайттағы жұмысты оптимизациялап, екі профильді біріктіре алады. Apple ID-іңізді телефон номер арқылы тіркелген профильге қосу үшін келесі нұсқаулыққа назар аударыңыз.

Apple ID арқылы авторизациядан өтіп, сайтқа кіріңіз

Сайтқа кіру үшін "Apple ID арқылы кіру" батырмасын басыңыз. Оны басқан соң автоматты түрде есептік жазбаға кіруге арналған терезе ашылады. Apple аккаунтыңызға кіру үшін нұсқаулықтағы қадамдарды орындаңыз.

KAZ.NUR.KZ-ке Apple ID-ді арқылы кіру
KAZ.NUR.KZ-ке Apple ID-ді арқылы кіру: KAZ.NUR.KZ

Google профиліңізге байланыстырылған профильді өшіріңіз

Apple есептік жазбасы арқылы сайтқа кіргеннен кейін KAZ.NUR.KZ-тегі профиль баптауларына өтіңіз. "Профиль" батырмасы ресурстың атауы жазылған жолда экранның оң жақ жоғарғы бұрышында орналасқан.

Apple ID-іңізді өшіріңіз. Бұл сіздің есептік жазбаңызды босатып, оны сайтта телефон нөміріңіз арқылы тіркелген өзге профиліңізбен бірге пайдалануға мүмкіндік береді. Apple ID профиліңізді өшірген кезде онда сақталған ақпарат (никнейм, туған күніңіз, жынысыңыз және т.б.) та өшіріледі. Бұл профиль арқылы пікірлер қалдыра алмайтыныңызды еске саламыз.

Профильді жою
Профильді жою: KAZ.NUR.KZ

Телефон нөміріңізді пайдаланып KAZ.NUR.KZ-ке кіріңіз

Apple ID-ге байланыстырылған профильді өшіргеннен соң тіркелу кезінде пайдаланған нөміріңіз бен кілтсөз арқылы екінші профиліңізге кіріңіз.

KAZ.NUR.KZ-ке телефон нөмірі арқылы кіріңіз
KAZ.NUR.KZ-ке телефон нөмірі арқылы кіріңіз: KAZ.NUR.KZ

Apple ID-ді KAZ.NUR.KZ-тегі аккаунтпен байланыстырыңыз

KAZ.NUR.KZ-тегі қазір қолданып жүрген профиліңізге кіргеннен кейін тағы да баптауларға өтіңіз. Онда "Apple ID-мен жалғастыру" опциясын таңдап, оны басыңыз. Қолжетімді профильдер ішінен қажіттісін таңдаңыз.

Apple ID-ді сайт профилімен байланыстыру
Apple ID-ді сайт профилімен байланыстыру: KAZ.NUR.KZ

Нұсқаулыққа сүйене отырып, сіз Apple ID профилін KAZ.NUR.KZ-тег профиліңізбен сәтті байланыстырасыз және тіркелген пайдаланушыларға арналған барлық артықшылықтар мен сайт функцияларын пайдалануды жалғастырыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/2166055-nusqaulyq-apple-id-di-kaz-nur-kz-profilimen-qalai-bailanystyruga-bolady/