Енді әрбір оқырман KAZ.NUR.KZ-те жаңа мәртебеге ие бола алады
Опубликовано:
Читать на русском
KAZ.NUR.KZ ұжымы геймификация жүйесін іске қосты: енді тұрақты оқырман ретінде сіз сайттағы белсенділігіңізге сай ерекше мәртебе иелене аласыз. Мәртебелер сайтқа қатарынан кірген күндер санына қарай тағайындалады — сайтымызға неғұрлым жиі кірген сайын, мәртебеңіз соғұрлым жоғары болады.
Біздің жаңалықтарды күн сайын таңғы кофе мен түскі үзіліс кезінде және ұйықтар алдында оқуды әдет қылған болсаңыз, оны елеп-ескеретін уақыт келді! Геймификация қолданушының жаңалық оқу тұрғысынан үйреншікті әдетін әлдеқайда қызықты етеді.
Енді әрбір тіркелген пайдаланушы жаңалық оқудан қаншалықты алға басқанын біліп отыратын болады: ол қанша күн қатарынан сайтқа кіргенін, мәртебесін және келесі мәртебеге дейін қанша саты қалғанын біле алады. Сондай-ақ "көшпендіден" бастап "бәйтерекке" дейін жаңа мәртебеге ие болғанын көпшілікпен бөлісе алады.
Бұл қалай жүзеге асады:
- Сайтқа тіркеліңіз.
- Күніне кем дегенде бір рет сайтқа кіріңіз — осылайша сайтымызға "сапарыңыз" басталады.
- Сайтқа кірген күндер санын жинаңыз — осылайша мәртебеңіз өседі.
- Жаңа кезеңге өткен сайын пікірлер мен профиліңізде көрініп тұратын жаңа мәртебе аласыз.
- Бір күн сайтқа кірмеген болсаңыз, жинақталған күндер өшіп, сапар басынан басталады. Десе де көңіліңіз түспесін: сіз қашан да бәрін басынан бастай аласыз.
Жыл ішінде алуға болатын мәртебелер тізімі:
- 7 күн — Көшпенді. Сайтымызға сапарлатып келгеніне көп бола қоймаған, жан-жағын бағалап, тұрақтайтын жер іздеп жүрген оқырман;
- 14 күн — Ауыл тұрғыны. Сайттың әр бұрышын танып-біліп алған, жергілікті жаңалықтарды қалт жібермейтін оқырман;
- 30 күн — Салт атты. Сайттың әр бұрышын ат үстінде шапқандай лезде ақтарып, өзіне керек ақпаратты қас қағым сәтте тауып алатын оқырман;
- 60 күн — Ақылман. Сайт жаңалықтарын оқып қана қоймай, ақпараттың әр фактісіне мән беріп, деректерді ой елегінен өткізе білетін оқырман;
- 90 күн — Ұраншы. Сайттағы ақпарды оқып, ой елегінен өткізіп қана қоймай, көпшілікпен бөлісіп, қоғам пікірін қалыптастыруға үлес қосатын оқырман;
- 180 күн — Шежіреші. Сайттағы ақпарды оқып, бағалап, бөлісіп қана қоймай, әр болған жайттың тізбегін бес саусағындай біліп, өткен жаңалықтармен байланыстыра алатын, пікір білдіре отырып, ақпарат ағынына өзгелердің де ілесуіне көмекші болар оқырман;
- 365 күн — Бәйтерек. Сайттағы ақпарат легінде тамырын тереңге жайған оқырман.
"Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі" энциклопедиясындағы ақпаратқа сенсек, көнеден келе жатқан қазақ мифологиясында бәйтерек мәңгіліктің символы, күллі ғалам бейнесі саналады. Ол жерастынан өрлеп, жер үстін көктей өтіп, аспанға тіреледі. Бәйтерек аңыздарда тек үш қабатты байланыстырып тұрған дәнекер, тамырын тереңге жіберген, дауылдан шайқалмайтын дарақ қана емес, адамға ізгілік жолын көрсетуші, жақсылық жасаушы ретінде бейнеленген. Осылайша, қазақ халқы үшін бәйтерек атауы бірнеше мәнге ие: кәдімгі зәулім ағаш; екіншісі — әлем ағашы; үшіншісі - мықты, зор, күшті мағынасында; төртіншісі, тірек, сүйеніш, қорған, пана мәнінде ұғынылады.
Ал біз үшін "бәйтерек" мәртебесіне ие болған оқырман — сайттың мәйегі, тынысы, тұрақтылықтың, сенімнің, және мазмұнға деген адалдықтың символы.
Біз бұл жүйені ең адал оқырмандарымызды елеп-ескеру үшін жасадық. Тосынсыйлар мұнымен бітпейді: KAZ.NUR.KZ сайтына күнде кіріп, жаңалықтарды қалт жібермеңіз, көп ұзамай біздің редакция сізді тағы немен қуантатынын білетін боласыз.
Сайтқа "сапарыңызды бастап", бір жылда мәуелі "бәйтерек" мәртебесіне ие болыңыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/2270088-endi-arbir-oqyrman-kaz-nur-kz-te-zhanga-martebege-ie-bola-alady/