RU

Танымал саясаткерлер жас кезінде қандай болды?

Танымал әлемдік және отандық саясаткерлер жас кезінде қандай болды? NUR.KZ порталы Comode басылымына сілтеме жасап саясаттың тұтқасын ұстаған тұлғалардың ескі фотосын назарларыңызға ұсынады.

Иосиф Сталин

Мойынорағыш тағып, ерекше шаш үлгісін қойған Иосиф Сталин жас кезінде айтарлықтай сәнді киінген. Бүгінде осындай кейпінде ол жылтырақ журналдың мұқабасына әбден шығуы мүмкін еді.

Владимир Путин

Осындай қызық құлақшын киіп алған Путин 1976 жылы тек лейтенант болатын. Ресей президентінің бұл фотосы желіде тез тарап, танымал болып кеткен.

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көбелек галстук таққан бұл фотосы алғаш рет 2012 жылы президенттің ресми биографиясында жарияланған болатын.

Барак Обама

АҚШ президенті Барак Обама бала кезінде бұзық болғанын жасырмайды. Ол жоғары сыныптарда есірткі шегіп, сабағын жаман оқитын. Бұл бас киіммен Обама әртіс Адриано Челентаноға ұқсап қалған.

Владимир Жириновский

Ресейдің ЛДПР партиясының көшбасшысы Владимир Жириновский ресми киінуден де ерекшеленіп үлгерген сыңайлы. Байқағанымыздай, ол жас кезінде көбелек галстук кигенді жөн санаған.

Анатолий Чубайс

Кеңестік кезеңнің әрі Ресейдің саяси қайраткері Анатолий Чубайс жас кезінде ұзын шаш үлгісін қойғанын көруге болады.

Сильвио Берлускони

Итальяндық саяси қайраткер, төрт рет Италия Министрлер кеңесінің төрағасы болған Сильвио жас кезінде контрабаста ойнап, жақсы ән айта алатын.

Михаил Горбачев

КОКП ОК-ның соңғы бас хатшысы Михаил Горбачев жас кезінде 50-жылдардың америкалық фильмдеріндегі бас кейіпкерге ұқсайтын, әсіресе осы қалпағымен.

Ғани Қасымов

Саяси қайраткер, Қазақстан сенатындағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Ғани Қасымов өз стилін қалыптастырып үлгерген. Дегенмен оның мұртсыз кейпі тартымдырақ болған сияқты.

Борис Ельцин

Студенттік кезінде Ресейдің алғашқы презденті Борис Ельцин еш қаражатсыз ел бойынша сапарға аттанған. Оның өзімен бар алғаны - шалбар, аяқ киім, жейде, қалпақ және жасанды теріден жасалған кішкентай шабадан еді.

Кәрім Мәсімов

Ашық дереккөздерге сенсек, Қазақстан премьерінің бұл фотосы оның Қытайда жұмыс істеп жүрген кезінде жасалған.

Александр Лукашенко

Беларусь президенті Александр Лукашенко студент кезінде спортқа ден қойып, әр жылдары ұжымшар төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Мұрат Әбенов

Қазақстанның қоғам қайраткері, парламент мәжілісінің экс-депутаты, бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов жас кезінде сәнді киінген саясаткерлер тізімін тұйықтайды. Бұл фотода ол бар-жоғы 10 жаста, дегенмен өзінің сәнді киінуіне бала кезінен мән бергенін байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1055243-tanymal-sayasatkerler-zhas-kezinde-qan/