RU

Тағамынан өте сирек кездесетін жақұтты тауып алған әйел таңырқап қалды

Америкалық бір әйел күйеуімен бірге Montalcino Ristorante Italiano деген итальян тағамдарының ресторанында ас ішіп отырып, оның ішінен табиғатта өте сирек кездесетін жақұт тас тауып алыпты.

Бұл туралы AmericaRU.com ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Әйел моллюсканы алдына алып, жеп отырғанында бірнәрсенің тісіне қатты тигенін байқайды. Сосын саусақтарымен оны ақырын алып шығарады да, қағазға орап қоя салады. Кетерінде сол ораманы қалтасына салып алады.

Ал үйіне келгенінде Вашингтон штатындағы Исаак қаласының тұрғыны Линдсей Хасц есімді әйелді ерекше бір қуанышты жаңалық күтіп тұр еді. Ол әкелген затын қолға алып, ашып қарай бастағаннан оның тегін емес екенін сезеді. Сөйтсе, жарқырап тұрған бұл зат теңіз түбінде жататын жақұттың аса сирек кездесетін бір түрі болып шықты.

Солтүстік-Батыс геологиялық зертханасының геммологы Тед Ирвин күлгін түсті жақұттың құны 600 доллар тұратын асыл тас екенін анықтады. Ол бұл тасты да әшекейлер қатарына қосуды сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1059300-aqsh-ta-ayel-adam-taghamynan-ote-sirek-ke/