Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаның оңтүстігіндегі "қасиетті" 5 мекен

Опубликовано:

Соңғы кездері кей мекендерді қасиетті санап, оған арнайы жол тартатындар көбейген. Ондай мекендер келген адамға ерекше тылсым күш сыйлап, өмірге құлшынысты арттыра түседі деп сенетіндер де бар. NUR.KZ порталы ең танымал болған 5 "қасиетті" мекенді назарларыңызға ұсынады.

1. Үңгіртас. Алматы облысы

Жердің әр түкпірінен адамдар бұл жерде Жер мен Ғарыштың ерекше қуатын қабылдау үшін келеді. Алматы қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан Үңгіртас ауылында жерден 8 метр аумағында қуатты энергия шығатыны байқалған. Аспанға бағытталған бұл энергия адамның ішкі дүниесіне қуат беріп, тазартып, күшейтеді деген сенім бар деп жазады culturemap.kz сайты.

Халық арасында оны «Жер кіндігі» атап кеткен. Үңгіртас қуатты энергетикалық сәуле шашып тұрған тау. Аңыз бойынша бұл жер әйгілі сопы Қожа Ахмет Яссауи есімімен байланысты. Ғұмырының аяқталатынын сезген ол 63 жасында тыныш, оңаша орын іздей бастайды. Бұл талаптарына Үңгіртас дәл келіп, шейх Ахмет Яссауи қалған өмірін жер астында өткізеді. Жертөленің жанына шейхтың уағыздары мен ақылын тыңдаушы туысқандары мен көптеген шәкірттері орын тебеді.

Монастырь тұрған жерді Айдарлы Айдаһар ата деп атайды. Бұл аңыз адам Айдаһар ата есімімен байланысты. Аталмыш орынды қазіргі заман дәуіріші саналатын Бифатима Дәлетова 1999 жылғы желтоқсанда тауып алады. Ол қазіргі кезде де осы жерге жақын тұрып, оның қорғаушысы болып табылады, тәуіп етушілерді қабылдап, құрбандыққа шалынған жануарлардың қанымен емдеу салт жораларын өткізеді.

Сондай-ақ Үңгіртасты «ақыл тауы» деп атайды. Бұл орынға көтерілу орнында тауға шықпас бұрын келушілерді дәрет алып, дұға қылуға шақыратын тас тұр. Жанында пайғамбарлар қолының таңбасы қалған тас бар. Тауда түрлі сырқат пен дерттерді емдей алатын энергетикасы бар тастар мен үңгірлер көп.

Адамдардың айтуынша Үңгіртастың әрбір үңгірі - өзіндік энергетикасы мен тек өзіне тән емдік қасиеті бар бірегей орын. Келушілер жартастың саңылаулары адам бойындағы қай мүшеге жауапты екенін сезеді.

2000 жылғы наурызда Үңгіртасты әйгілі академик, КСРО-дағы биоэнергетиканың ненгізін қалаушы Бронников зерттеді. Ол түрлі әдістемелер мен жабдықтардың көмегімен жерден шығатын күшті энергияны айқындады.

2. Арыстанбаб кесенесі. Оңтүстік Қазақстан облысы

Арыстанбаб кесенесі – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы мен руһани тәлімгері, діни уағызшы Арыстанбабтың бейітінде орнатылған ХІІ-ХІV ғасырлар сәулетінің қызықты ескерткіші деп жазады culturemap.kz сайты.

Отырар қалашығынан және Шәуілдір ауылынан 2 шақырым, Шымкент қаласынан 150 қашықтықта орналасқан. Ескерткіш өңір мұсылмандарының басты ғибадат ету орындарының бірі.

Уағызшы Арыстанбаб ХІІ ғасырда Отырар маңында өмір сүрген. Дүние жүзін шарлаған Арыстанбаб көп саяхаттаған. Ол түрлі діни ағымдарды зерттеген. Исламды қабылдағаннан кейін қалған өмірін сопылық мағынадағы исламды уағыздауға арнайды.

Аңыздың бір нұсқасы бойынша Арыстанбаб 400 жыл өмір сүріп Мұхаммед Пайғамбардың серіктесі болған. Пайғамбар 400 жылдан кейін Ахмет есімді мұсылман дүниеге келетіні және аманат ретінде оған оның табағынан құрманы беру қажеттілігі жайлы айтып кеткен.

Арыстанбаб аманатты орындауға өзі тіленіп шығады да «Егер Алладан 400 жыл ғұмыр сұрап берсеңіз, мен құрманы апарып берем» деген екен. Ол уәдесін орындайды, өлімінің алдында Ахмет Яссауиге құрманың сүйегін тапсырады.

Бүгінгі күні кесене Орталық Азиядағы мұсылмандық аруақты жерлердің бірі саналады. 1982 жылдан бері Арыстанбаб кесене-мешіті мемлекеттің қорғауында.

3.«Ақ мешіт әулие» үңгірі. Оңтүстік Қазақстан облысы

Аңызға сенсек, бұл үңгірге кезінде 10 мың әскер еркін сыйған дейді. Бұл — Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданы, Көктерек ауылының жанындағы Қаратау сілемінің бөктеріндегі киелі «Ақ мешіт әулие» үңгірі. Бүгінде мұнда келушілер қатары артқан. Бұл үңгірдің өзіндік тылсым сыры барын сезінгендер де аз емес деп жазады ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Мұсатілла Тоқанов.

Осындай киелі жерлердің бірі – «Ақ мешіт әулие» үңгірі. Қасиетті үңгір 250 метр биіктікте таудың сілемінде орналасқан. Кіре беріс үңгірдің ені шамамен 10-15 метр көлемінде. Сырттағы ыстық +35°С +40°С болса, арнайы орнатылған темір сатымен 35 метр төмен түскенде, үңгірдің іші қоңыр салқын, +18, +20°С салқын леп ұрып тұрады.

Үңгірдің бір кереметі – ені 60-80 метр, ұзындығы 120 метр, биіктігі шамамен 35 метр күмбез іспеттестігі. Ішінде түрлі ағаштар мен өсімдіктер, құстар бар. Үңгірдің ортасында биіктігі 10-15 метр, көптеген жылдан бері жиылған қазақта «киелі құс» деп аталатын үкі саңырығының үйіндісі жатыр.

73-жастағы шырақшы Асқар ақсақалдың айтуынша, бұл құстың саңырығы жүздеген жылда жиылған екен. Кейінгі жылдары үкі үңгір ішінде неше түрлі жұмыстар жүргізіле бастағандықтан ұшып кетіпті.

Киелі «Ақ мешіт әулие» үңгірі күмбезінің әр жерінен су тамшылап тұрады. Күмбез шаңырақтың қасиетінің арқасында судың тамшылары қысы– жазы тамшылағанымен ауада ешқандай келеңсіз патогенді ауру бактериялары болмайды. Сондықтан мұнда көгеру, шіру деген жоқ.

Қазіргі таңда киелі мекенге Алматыдан, Тараздан, Қызылордадан, Шымкенттен өзге ұлттың адамдары да ағылып келіп жатқанын алға тартты мешіт шырақшысы. 70-тен асқан шырақшы ақсақал келген адамдарды ертіп, кем дегенде 5-10 рет мешітке түсіп шығады. Шаршауды білмейді. Киелі орынның кереметі де осында.

4. Ақсайлық скит. Алматы облысы

Ақсайлық скит Ақсай шатқалында орналасқан. Оған жету оңайға соқпайды, себебі сопылар салған баспалдақпен жаяу көтерілу қажет. Онда 1921 жылы Феогност пен Серафим есімді монахтар қайғылы жағдайда қайтыс болған деп жазады theopenasia.net сайты.

Екеуі алтын іздеп келген әскерилердің қолынан қаза тапты деп топшыланған бұл мекенде кезінде тылсым құбылыстар орын алған деген сенім бар.

Ол жерде үш күн бойы түсініксіз жарық шығып тұрғандықтан, монахтар сонда қоныс тебуге бел буған. Бұл мекеннің суы қасиетті деп санайтындар оған арнайы барып, дәм татады.

5. Айлы алаңқай. Алматы облысы

Айлы алаңқай Шүкір шатқалы мен Үлкен Аматы көлінің арасында, Алматыдан 25 шақырым жерде орналасқан. Бұл мекен өзінің ерекше көрінісімен танымал болған. Онда ғаламшардың және күннің энергиясы шоғырланған деп сенетіндер баршылық. Күн энергиясын зерттеушілер энрегия неғұрлым көп шоғырланған нүктелерді таспен белгілеп те кеткен екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1067094-qazaqstannynh-qasietti-5-mekeni/

pixel