Қытай туралы таң қаларлық фактілер
Жарияланған күні:
Қытай дегенде ең алдымен көпшілік оның халық санын еске алатыны рас. Дегенмен, "Аспан асты елінің" өзге де таң қаларлық ерекшеліктері бар деп хабарлайды NUR.KZ порталы life-pics.ru сайтына сілтеме жасап.
Әскерилер бастарын биік және тік ұстап үйрену мақсатында жағаларына ине қадап қояды
Әскерилер бірдей аяқ басып, бір деңгейде қолдарын көтеру үшін олардың аяқ-қолына арнайы сым жалғанады. Сым аяқтың не қолдың артық көтерілуіне кедергі келтіреді.
Қытайда 100 млн-нан астам адам тәулігіне 1 долларға күн көреді
Қытайда кетчуп пайда болғанда оны балық соусы деп атаған
МакАвтода сатып алынған «Макдональдсты» көлік иелері өзімен алып кетпей, арнайы мейрамханада жейді
Қытай діни емес мемлекет болғанына қарамастан, онда 54 млн-нан астам христиан тұрады
Өлім жазасы Қытайда әлем бойынша 4 есе көбірек жүзеге асырылады
Дунян қаласында жыныстық қатынасқа өмірі түсіп көрмеген ұл балалардың зәріне қайнатылған жұмыртқа нағыз деликатес саналады
Әлем бойынша ең ірі дыбыс жазушы қызметтер Google-мен бірігіп отырып, қытайлықтарға әуенді тегін жүктеу мүмкіндігін жасайды
Қытай полициясы қызметінде иттен гөрі қазды көбірек пайдаланады
Қытайда нәзік жандылар құрсағында қыз бала болған жағдайда түсік жасауға асығады. Оларда жылына 500 мыңнан астам түсік тастау жасалынып, он мыңдаған бала жетім өседі
30 млн-нан астам қытайлық үңгір үйлерде тұрады
Қытай ауасы қатты ластанғаны соншалық, лас ауа Тынық мұхиты арқылы Сан-Францискоға дейін жетіп жатады
Кей қытайлық азық-түлік компаниялар етті ешкі зәріне сүрлеп, тофуды лай судан әзірлеген жерінен ұсталған
Қытайда әйелдер қыздық пердесін 700 долларға қалпына келтіреді
Бейжіңдегі ауа лас болғаны соншалық, ол жерде тыныстаған адам күніне бір қорап темекі шеккендей залал алады
1973 жылы Қытай АҚШ-қа демографиялық дағдарысын реттеу үшін 10 млн қытай әйелін әкелуді ұсынды
PlayStation ойын құрылғыларына Қытайда тыйым салынған
Қытайда жыл сайын адамдар 4 млн мысықты жеп қояды
Шанхай қаласында әлемдегі ең ұзын кептеліс тіркелді – 100 шақырымға жететін және 12 тәулікке созылған кептеліс
Телефондарынан бас ала алмайтын қытайлықтар арнайы белгіленген жолақпен жүреді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1091361-qytay-turaly-tanh-qalarlyq-faktiler/