Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гиннестің рекордтар кітабына енген қазақстандықтар

Жарияланған күні:

Жыл сайын шығатын Гиннестің рекордтар кітабына енгендер қатарында қазақстандықтар баршылық деп хабарлайды NUR.KZ порталы ztb.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан - ашық теңізге шықпайтын әлемдегі ең ірі мемлекет

Оңтүстік полюске ең жылдам жеткен құрлық маршруты 

2011 жылы Қазақ географиялық қоғамының тобы экспедицияға аттанып, көлікпен Оңтүстік полюске қарай 2308 шақырым жерді жүріп өтті. Оған 108 сағат кеткен. Бұл жетістікті Гиннестің рекордтар кітабына Оңтүстік полюске ең жылдам құрлық маршруты ретінде енгізген.

Экспедицияға қатысушы, географ Орденбек Мазбаевтың айтуынша, топ рекорд орнатуды көздемеген. Олар полюске ғылыми зерттеу жүргізу мақсатында аттанған.

Аэробикамен жаппай айналысу

2003 жылдың 27 қыркүйегінде 4 миллион 845 мың 85 адам еліміздің әр өңірінен бір сәтте бірдей әуенге жаттығу жасады.

Әлемдегі ең биік шатыр

Астанадағы "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығы да Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оны әлемдегі ең биік шатыр деп таныған.

Ауыр атлет Майя Манеза

Қазақстандық ауыр атлет Майя Манеза 143 келілік зілтемірді көтеріп, жаңа әлемдік рекорд орнатқан. Жетістік 2010 жылы Түркияда  өткен чемпионат кезінде тіркелген.

Ауыр атлет Илья Ильин

Қазақстандық ауыр атлет, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында жұлқа көтеруден 233 келіні бағындырып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Ильиннің рекордын әлі күнге дейін ешкім жаңарта алмаған. Атлет 2015 жылы өткен Ресей президенті кубогында жаңа рекорд орнатты: жұлқа көтеруден 246 келі және қос сайыс қорытындысы бойынша 437 келіні бағындырды.

Марафоншы Марат Жыланбаев

50 жастағы қазақстандық марафоншы Марат Жыланбаев  - Гиннестің рекордтар кітабындағы жеті рет рекордтың авторы. 7 күнге созылған марафондық жүгіру кезінде ол Еуропадағы ең үлкен тау шыңы - Эльбруске (5642 метр) шыққан.

Марат Жыланбаев ең ірі шөлдерде де жүгіріп өткен: 1992 жылы 20 күн ішінде Қарақұм шөлінен (1200 шақырым), 1993 жылы 24 күн ішінде Сахара шөлінен (1700 шақырым), сол жылы 22 күн ішінде Үкен Виктория шөлінен (1600 шақырым), 1994 жылы 17 күн ішінде Мохаве шөлінен (1218 шақырым) жүгіріп өткен.

Ең үлкен қазы

Қытайдағы қазақтар Болат Бейнеұлы мен Гүлзат Азанбекқызы ұзындығы - 100 метр, салмағы бір тонна қазы әзірлеп, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Болат рекордтың Қытай атынан тіркелгеніне қарсы болғандықтан, жетістік қазақ халқының мұрасының атынан жария етілді.

"Кеңес" күйін жаппай орындау

2010 жылы Қытайда 10 мың домбырашы қазақ халық күйі "Кеңесті" бір уақытта орындап, рекорд орнатты.

Әлемдегі ең кішкентай домбыра

Әлемдегі ең кішкентай домбыраны қазақ Болатбек Кәрімханұлы 2012 жылы жасап шығарған. Оның ұзындығы - 45 мм, ені - 14 мм.

Құрманғазының күйін жаппай орындау

2013 жылы мыңдаған музыканттардан құрылған Атырау оркестрі Құрманғазының күйін бір уақытта орындап, рекорд орнатты.

"Қара Жорға" биі

2012 жылдың 16 желтоқсанында Астанада тұрғындар жаппай "Қара Жорға" биін орындап, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

300 келілік ет

Тәуелсіздік күніне орай әзірленген 300 келілік ет те аталмыш кітапқа енген.

Гиннестің рекордтар кітабы - адамдар, жануарлар және табиғи құбылыстардың рекордтық жетістіктерін тіркейтін кітап.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1100951-ginnestinh-rekordtar-kitabyna-engen-q/