Әлемдегі ең қорқынышты 12 мекен
Жарияланған күні:
Дүние жүзі бойынша адамның үрейін тудыратын қорқынышты мекендер баршылық деп хабарлайды NUR.KZ порталы hotshowlife.com сайтына сілтеме жасап.
Филиппин аралдары, Сагаданың аспалы табыттары
Лусон аралындағы Сагада провинциясында жүздеген аспалы табыттар тұр. Жерлеудің бұл түрі әлі күнге дейін қолданыстан шықпаған. Мәйіт бұзыла бастамауы үшін оны арнайы затпен өңдеп, жарға табытын іледі. Бұл әдіс тұрғындар арасында қатаң құпия ретінде сақталған.
Чехия, Прагадағы көне еуропалық зират
Тарихшылар мұндағы алғашқы мола 1439 жылы салынғанын және 100 мыңнан астам қабір барын айтады. Кей молаларда 12 адамның мәйітіне дейін үсті-үстіне жерленген.
Франция, париждегі катакомбалар
6 млн-нан астам адамның сүйегінен құрылған бұл катакомбалар да келгендердің үрейін тудыратыны анық.
Литва, Шауляй қаласындағы Кресттер тауы
Төбеге үйілген кресттер саны 50 мыңға барады. Пұтқа табынушылықтың сарқыны деп білген билік XX ғасырда бұл төбедегі керсттерді жою шешімін шығарады. Алайда тұрғындар төбеге крест тастап кету әдетін доғара қоймаған.
Жапония, өзіне қол салғыштардың орманы
Хонсю түбегінде орналасқан Аокигахара атты орман жындарға толы деген сенім бар. XIX ғасырда кедей отбасылар осында асырай алмаған балаларын тастап кетіп отырған.
Бұл өңірде адамдардың өзіне қол салу жағдайы жиі тіркеліп жатады. Жыл сайын орманнан 70-100 адамның мәйіті табылады.
Того, Акодессева атты магия базары
Бұл базарға магияға сенетін Африка тұрғындары ағылады. Базардан қабыланның басы, маймылдың құйрығы, қолтырауынның тісі, құстардың тұмсығы секілді оғаш тауарларды кезіктіруге болады. Тұрғындардан бөлек туристер де бұл жерді тамашалауға келеді. Ал кейбірі базарды "қарғысқа толы" деп айналып өтуге тырысады.
Түркіменстан, Тозақ қақпасы
Түркіменстан - танымал туристік аймақ емес. Бірақ, бірнеше жылдан бері елге әлемнің түрлі мемлекеттерінен келушілер ағылып жатқан бір орын бар.
Ол - жергілікті халық «Тозақ қақпасы» деп атап кеткен Ербент ауылынан 90 шақырым қашықтықтағы отты жалын шашып жатқан кратер.
Шоғырланған жерасты газын 1971 жылы қазу және бұрғылау жұмыстары кезінде Кеңес геологтары тапқан. Зерттеушілердің бұрғылау мұнарасы мен басқа да құрылғылары пайда болған шұңқырға түсіп кетеді.
Аймақ тұрғындары және малға зияны тимеу үшін геологтар газды жағып жіберу туралы шешімге келеді. Өрт бірнеше күннен кейін сөнеді деп болжам жасаған. Алайда, кратерден шыққан газ жалыны 1971 жылдан бері өшкен емес.
Мальта, Азаптау мұражайы
Мальтаның алғашқы астанасы Мдинада жер астына салынған Азаптау орнының мұражайы бар. Бұрын ол жерде түрме болған. Ал тұтқындардың азапталу сәттері мұражайда дәлме дәл көрсетілген. Тіпті азапталып жатқан адамдардың дауыстары да жазбаға жазылып, мұражайдың ішінде ойнатылып тұрады.
Тынық мұхиты, Трук шағын мүйісі
10 миллион жыл бұрын мүйістің орнында үлкен арал болатын. Ол жанартаудың атқылауынан мұхитқа батып кеткен. Бүгінде бұл өңір әскери техникалардың моласына айналған.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жапониялықтар мұнда өз қаруларын қойған. Алайда америкалықтардың шабуылынан кейін 40 жапониялық кеме су астына кетіп, онымен қоса әскери ұшақтардан бастап, түрлі қарулар да су астында қалған. Ең қорқыныштысы, сол жердегі адамдар да суға батып кеткен. Бүгінде дайверлер үшін бұл өңір қауіпті саналады. Себебі, жыл сайын сүңгіген дайверлердің кейбірі су түбінде жоғалып кетіп жатады.
Германия, қаңыраған аттракциондар паркі
Шпреепаркті 1969 жылы салған. Бүгінде бұл мекеннің құпия жағдайда қаңырап қалғаны соншалық, ол жерде жүрудің өзі қорқынышты болып көрінеді.
Чехия, Қасиетті Георгий шіркеуі
XIV ғасырда салынған шіркеуде 1968 жылы өрт болып, ғимараттың тас-талқаны шыққан. Кейін қаңырап қалған шіркеуге мүсінші Яков Хадрав үрей тудырарлық мүсіндерін салып қояды.
Мексика, Қуыршақтар аралы
Шамамен 60 жыл бұрын Сачимилько каналында орналасқан аралда Джулиан Сантана Баррераның көз алдында кішкентай қыз суға батып өлген. Оқиға орнынан жігіт ескі қуыршақ тауып алып, оны талға іліп кеткен екен.
Бірақ оқиғаны өз көзімен көрген мексикалық қатты мазасызданып, қоқысқа лақтырылған ескі қуыршақтарды аралға апарып, талдарға іліп кетіп жүрген.
Алайда аз уақыт өткен соң Джулиан отбасын тастап сол аралға көшіп барған. Сол жерден үй салып, бақша өсіріп, уақытын талдарға қуыршақ ілумен өткізген.
1990-жылдарда жергілікті билік қуыршақтарды каналдарды тазартқан кезде ғана көрген. Көптеген жұмысшы ілініп тұрған қуыршақтарды өліктер деп ойлапты. Жақындап барғанда ғана қуыршақ екеніне көздері жеткен. Қазіргі кезде Джулиан Сантанаға келушілер, қуыршақтар аралын өз көзімен көргісі келетіндер де көп.
2001 жылы дәл сол жерде Джулиан Сантана Баррера да суға батып өлген екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1103880-alemdegi-enh-qorqynyshty-mekender/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.