Әр қазақ түсіне бермейтін сегіз сөз
Жарияланған күні:
Әр қазақ білмеуі мүмкін сегіз сөзді comode.kz басылымы тізбектеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Өләәә!
Бұны Оляның қазақша нұсқасы деп ойлап қалмаңыз. "Өләәә" - ерекше таңданысты байқататын сөз. Бұл сөзді көбіне Оңтүстік Қазақстан тумалары қолданады. Мұны оқыған оңтүстікқазақстандық тұрғын "өләәә, мына сөзді бiзден басқа ешкім айтпайды ма не?" деп қалса, таң болмаңыз.
Не зат?
Батыс Қазақстанда Бердібектен, мұнайдан және балықтан бөлек "не зат?" сөзі бар. Бұл сөзбен сіз Ақтау, Атырау, Орал, Маңғыстау және Ақтөбе тумаларын өзгелерден бірден ажырата аласыз. "Не зат?" деген сауал алдыңызда нендей дүние тұрғанын сұрау үшін ғана емес, қал жағдайыңызды білу үшін де қойылуы мүмкін.
Бұл сөз ең көп қолданыста бар сөздердің ішінде "жер сатылмасын" сөзінен кейін екінші орынға жайғасқан.
Мақұл
Оңтүстік Қазақстан тумасы "жарайды" деген сөзді "мақұл" деген жауаппен қысқа қайыра салады.
Шіли
Тағы да оңтүстік тумаларының сөзі. "Шіли" сөзінің нақты баламасы жоқ. Оны тек шектен шыққан дүниелерге қолданатынын біліп жүрсеңіз болғаны. Бәлкім бұл сөз орыстардың "слишком" сөзінің бұрмаланып кеткен түрі болар? "Шіли өзіңше болмасай", "шіли серьезныйсың ба, не?" деп жатса, артық кеттім дей беріңіз. Comode осы екі сұрақтан кейін төбелес те басталып кетуі мүмкін екенін ескертеді.
Алдау-алдау
"Алдау" десе, өтірік айтуды меңзеп тұрмауы да мүмкін. "Алдау-алдау" кей-кездері жанашырлық таныту немесе жылы сөз айту мақсатында қолданады. Оны кейбірі "алдай-алдай", "алла-алла", "аллай-аллай" деп те айтып жатады. Мәселен, Маликаға үйленем деген ұлына анасы "Алла, алла! Маликасы нес? Оқуыңды бітіршиш" деуі мүмкін.
Ееема!
Сол арада ұлы анасына "Ееема! Дәл айттыңыз!" деп жауап беріп, Маликаға WhatsApp арқылы "Анам некемізге разы, тек аздап күту керек: төрт жыл бакалавр бітіргенше және екі жыл магистратура бітіргенше", - деген хабарлама жібереді. Малика бұған "Ееема" деп жауап бермейді. Себебі, Шымкентте олай айтпайды. Ол "Өләәә! Әлі алты жыл ма?" деп таңырқайтын болады. Сонымен, "ееемаа" сөзі де Батыс тумаларының таңданысын байқататынын түсінген боларсыз?
Қыртпа!
Енді еліміздің шығысына тоқталайық. Бұл өңірде қияр "әгүршік", ал шелек "бедіре" деп аталады. Олай аталмайтынына сөз таластыратын болсаңыз, "қыртпа!" деген қысқа жауап еститін боласыз. Бұл сізге "жетер" деп айтып тұрғанын білдіреді.
Қасқа!
Қайтадан батысқа оралайық. Сізді қатты аяп кеткен батысқазақстандық "Қасқа"десе, таңданып тұрғаны. Мәселен, "Қасқа, тоңып қалыпты ғой" дегенде, қасқа сөзі айтушының есеңгірегенін байқатады. Осы орайда Батыс тумасы еліміздің заңдарындағы кезекті өзгерістерді естігенде, қай сөзді жиі айтатынын табу қиын емес.
Тағы оқыңыз:
Жер комиссиясының отырысында Ғани Қалиев бәріне ұғынықты болу үшін орыс тілінде сөйлеуді ұсынды
Маңғыстауда үлкендігі тауық жұмыртқасындай ірі бұршақ жауды (фото, видео)
Иманғали Тасмағанбетов қайда жүр?
Алматының оқушылары ҰБТ-ның бірінші күні-ақ рекорд орнатты
Қарағандыда кенеттен көз жұмған оқушының қазасы қытайдың кеспесінен болуы мүмкін
Жан-Клод Ван Дамм Төреғали Төреәлінің әніне барын салып биледі
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1148639-ar-qazaq-tusine-bermeytin-segiz-soz/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.