Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ең қымбат жер үйлердің бағасы қандай?

Опубликовано:

Алматыдағы ең қымбат бес жер үйді "Крыша" басылымы жария етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ең қымбат жылжымайтын мүліктердің бағасы екі миллиард теңгеден басталады (шамамен алты миллион доллар).

Рейтингтің бесінші орнына "Юбилейный ықшамауданындағы үш қабатты, алты бөлмелі, кірпіштен қаланған үй тұрақтады.

Оның бастапқы құны - екі миллиард теңге. Үйдің ауданы - 600 шаршы метрден астам. Барлық коммуникация бар (жарық, су, кәріз жүйесі). Сонымен қатар, 57 сотық жері бар.

Төртінші орынды Бостандық ауданындағы құны 2,2 миллиард теңге (6,5 миллион доллар) болатын, 12 бөлмелі, ауданы 2500 шаршы метр үй иеленді.

Үйде жеті жатын бөлмесі, жеке лифт, шарап қоймасы, сейф салынған бөлме, монша кешені және кәсіби құрылғылармен жабдықталған асүй бар.

Үй тауда орналасқан, бір гектар жері бар.

Үшінші орын жеті бөлмелі, ауданы 550 шаршы метр болатын монолит үйіне тиесілі. "Нұрлытау" ықшамауданында орналасқан үйдің 16 сотық жері бар.

Құны - 2,8 миллиард теңге (8,2 миллион доллар). Үйде жеке кинотеатр, жылытылатын хауыз, жерасты тұрақ, итальян жиһаздары, "ақылды үй" жүйесі бар.

Екінші орында - "Мирас" ықшамауданындағы сегіз бөлмелі жекежай. Оның құны  - 3,3 миллиард теңге (9,7 миллион доллар). Жалпы ауданы  - 1300 шаршы метр. 223 сотық жері бар.

Барлық қажетті коммуникациядан бөлек, сатылымға түрлі өсімдіктер отырғызылған керемет бақша қойылған. Үйде бес жатын бөлмесі, холл, асүй, асхана, қонақтарға арналған бөлме, жаттығу залы, техникалық бөлмелер бар.

Бірінші орынға "Тау-Самалы" ықшамауданындағы 30 бөлмелі жылжымайтын мүлік жайғасты. Үйдің құны - 3,7 миллиард теңге.

200 сотық жерде алты үй орналасқан (жалпы ауданы - 3000 шаршы метр). Балалар алаңы, хауыз, фитнес-зал және футбол алаңы бар.

Басылым құны екі миллиард теңгеден жоғары үйлер"Ремизовка", "Юбилейный", "Нұрлытау" ықшамаудандарында, Асқаров, Жандосов көшелерінде және Достық даңғылында орналасқанын анықтаған.

Олардың дені жабық эксклюзивті сатылымға шығарылған.

Тағы оқыңыз:

Ильин, Чиншанло, Манеза мен Подобедова қара тізімге ілінді

Мәжіліс жерді сату мен жалға беруді уақытша тоқтатты

Премьер шабуылдан 10 күн өткен соң ғана Ақтөбеге барды

Басшылардың былығын ашып айтқан Назым Қызайбайдың бапкері жұмысынан шеттетілді

Алматыда өзенге құлап кеткен тоғыз айлық нәрестенің мәйіті табылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1161989-almatydaghy-enh-qymbat-bes-zher-uy/

pixel