Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың тарихы бастау алған киелі Ұлытау

Опубликовано:

Қазақ халқының алтын бесігі, тарихы мен мәдени тамыры етек алған Ұлытауға этнографиялық экспедиция құрамында Атырау тұрғыны Зинат Орынбасарова барып келді. Халқымыз үшін киелі болып саналатын жерден алған әсерін ол Ақ жайық баслымының беттерінде жариялады.

Жиналған энтузиастар тобы (80 шақты адам) дала өркениеті орталығының бірі, үш жүздің басы біріккен қасиетті жер - Ұлытауға қызықты саяхат жасады. Дәл осы жерде бүкіл 36 ханды ақ киізге көтеріп хан сайлаған. Бұл жерде қазақ билеушілерінің ордалары орналасқан.

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығына орай ежелгі ордалардың ортасына граниттен хан тағы орнатылыпты. Оның арқалығына үш жүздің қазақ руларының таңбалары ойып салынған. Ұлытаудың әр жерінен бір кездері біртұтас қазақ халқының үш жүзінің өкілдері бірлік белгісі ретінде қалдырған таңбаларын көруге болады.

Экспедиция кезінде аяқ басқан Ұлытау қорығының ескерткіштерін санамалаудың өзі әсерлі. Олардың бірнешеуі мыналар: Ұлытауда Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның және қазақтардың арғы бабасы, Алаш ордасының билеушісі Алаш ханның мазарлары салынған. Бұл жерде Алтын Орда ханы Тоқтамыс, Ұлы орда қолбасшысы, бір кездері Тевтон Орденін быт-шыт қылған Әмір Едіге жерленген.

Ол, айтпақшы, өз ордасын Сарайшықтан Ұлытау бөктеріне көшірген екен. Ежелгі Русь сол кездері Алтын Орданың бір бөлігі (Жошы ұлысы) деп саналған. Орыс князьдері Ұлытауға князьдік билік етуге жарлық алу үшін баратын. Демек, Ежелгі Русьтің формальды астанасы да бір кездері осы жерде болған. Алтыншоқыдағы тас тақтаға Темірлан 1391 жылдың көктемінде өзінің келгендігі туралы (Алтын орданың ханы Тоқтамысқа қарсы Дешті Қыпшаққа жорығы) жазып, естелік белгі қалдырып кеткен. Бұл тақтаны 1935 жылы академик Қаныш Сәтпаевтың экспедициясы тапқан еді.

Бұл жерде ежелгі адамдардың тұрақтары, олардың еңбек құралдары, б.э.д. 2-1 мыңжылдықта жартасқа салынған суреттер галереясы сақталған.

Аңызға сәйкес, Ұлытаудың ең жоғарғы нүктесінде – Әулиетау үңгірлерінің бірінде біздің заманымызға дейінгі 5 ғасырда Заратуштра немесе жергілікті тұрғындардың атауынша Зердеш баба алғаш рет Жаратушының үнін естіген. Осы жерден өмірін Жерұйықты іздеумен өткізген дала философы Асан Қайғы мәңгілік орын тепкен деседі.

Бұл жердегі петроглифтердің жасы үш мың жылдан көп (қола және ерте темір дәуірлері). Суреттер тегіс гранит жұрнақтарына салынған. Суреттер - ежелгі адамдардың көшпелі өмірінің бейнесі. Аңшылыққа, жабайы аңдарға арналған сюжеттер, сондай-ақ, Күнге табынушылықты дәлелдейтін суреттер бар. Ұлытауда Теректі әулиеден басқа Байқоңыр, Тамды, Жаңғабыл, Жетіқыз өзендерінің жағалауындағы жартастарға салынған суреттер галереясы бар.

Әрі қарай Қаракеңгір өзеніне жақын жерде орналасқан Жошы хан кесенесіне жол тарттық.

Жезді поселкесі өте жағымсыз әсер қалдырды: үйлер жұртта қалған, төңірек бос. Одақ құлағаннан кейін марганец пен темір рудаларын өндіретін Жезді кеніші жұмысын тоқтатты. 8000 тұрғыннан 2000-ы қалды. Есесіне, бұл жерде тау және балқыту ісінің тамаша тарихи музейі жұмыс жасап тұр. Жәдігерлер қола дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі: қарапайым құралдан күрделі механизмге дейінгі, қола дәуірінің жер пешінен 20-шы ғасырдың балқыту пешіне дейінгі жез өндіру тарихын бейнелейді.

Жезді, қоланы балқыту технологиясы мен қазіргі заманғы технологияның негізгі принциптері ұқсас. Орта ғасырдағы дереккөздерде Сарысу немесе Жез жолдары туралы айтылады. Жезді Алдыңғы Азия, Иран, Түркия, Венецияға тасыған, біздің жезімізден грек қалаларында бұйымдар дайындаған. Мұндай игіліктер көп жылдар бойы музей директоры Зейпін Қазанбаеваның аянбаған жұмысының арқасында сақталған. Осындай музейіміз бар екендігін мақтан тұтуға болады.

Терісаққан өзенінің жағалауында орналасқан осы аттас ауылдың көшпелі өмір салтының фестиваліне баруымыз экспедициямыздың шарықтау шегі деп есептеймін. Терісаққан - Ұлытаудағы тоғыз өзеннің солтүстікке қарай ағып, (Кара теңізіне құйылатын Есіл, Обь арқылы) Солтүстік Мұзды мұхитқа құйылатын жалғыз ғана өзені.

Осыдан кейін мерекенің шарықтау шегі басталады – айғырларды табынға жібереді. Айғыр оқырана кісінеп, жылқылар үйіріне кіріп кетеді де, өзінің шағылысуға әзір екенін көрсетеді. Алайда жас биелер айғырларды өздеріне бірден жақындата қоймайды. Тепсініп, тұяқтарын тарпып, көңілдерін нәзіктікпен табуды талап етеді.

Әулиетауды – Ұлытаудың ең биік шыңын бағындыру (биіктігі 1 134 метрді құрайды) қасиетті іс атқарғанмен бірдей. Ол қойды құрбандыққа шалып, Құраннан сүре оқудан басталды. Әруақтарға сыйынып, жолға шықтық. Ұлытау тауының етегінде қасиетті Әулие бұлақ бар. Оның суы әруақтар әлеміне аяқ баспас бұрын тазару үшін қолданылады. Бұл жерден тірілер мен өлілер дүниесі арасындағы шекара өтеді. Ал, ата-бабалар рухының әлемінен ғажайып әлемге өтуге болады. Көне түрік тілінде «ұлы» деген сөздің тағы бір мағынасы бар. Бұл – Тәңір. Ұлытау – Тәңір елі, Мәңгілік Көк аспанмен байланысатын орын.

«Ұлытауға жақын болған сайын Жаратушының қамқорлығы да көп болады», ал, Ұлытаудың ең жоғарғы нүктесі Әулиетау Тәңірмен байланысатын антенна секілді.

Тауларды қар басыпты. Бізді сынағандай дауылды жел соғып тұрды.

Қазақ эпосының бұл жолдары Ұлытауға жиналған әрбір ру бірінші «шартқа» сәйкес, тасқа өздерінің рулық таңбасын ойып жазуға тиіс болған. Ал, екінші шарт – киелі құстың етін жеген соң халық бірлігіне адал болуға ант берген. Менің ойымша, ұлар етінен дәм тату – бірлігімізге берік болуға ант беру.

Өмірімде мұндай ғажайыпты бастан өткерген емеспін. Маған бұл Ұлытаудың көп ғасырлар бұрынғы уақыттардағыдай біріктіретін әлдебір сиқыр күшіндей көрінді.

Экспедиция бар болғаны бір апта уақытқа созылды, ал, мен басқа бір қатарлас әлемде тағы бір өмірді бастан өткергендей күй кештім. Біздің мыңжылдық тарихымыз көз алдымда қас-қағымдай өте шықты.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда нөсер жауын салдарынан көшелерді су басты (фото, видео)

Ақтөбеде сақалды жігітті телефон сатып жүргені үшін террористер қатарына қосқан

ОҚО-ның бас агрономы аймақта шегірткенің қаптап кетуіне ІІ Николай патшаны кінәлады

Мәсiмов 10 сотық жерді қазақстандықтарға бөлуге қатысты ойын айтты

Үкiмет ендi соңғы шешiм қабылдамас бұрын халықпен ақылдасатын болды

Америка түрмесінде жазасын өтеп шыққан Азамат Тәжаяқов елге оралды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1163565-qazaqtynh-tarikhy-bastau-alghan-kieli-ul/

pixel