Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

28 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

Жарияланған күні:

28 маусымға арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz сайты назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Бүгін сіз болашақ өміріңіз үшін керемет мүмкіндік аласыз. Тек бұл жұмысыңызды ұқыпты атқаруыңыз керек.

Қоршаған орта да сізге өз әсерін тигізбей қоймайды. Жұлдыздар сізге бүгін атқаруға тиісті жұмыстарыңызды кейінге қалдырмау керектігін ескертеді.

Торпақ

Бүгін сіз ең бірінші алдыңызға мақсат қойып алғаныңыз жөн. Мақсатсыз істелген жұмыс нәтиже бермейді.

Ал мақсат қойсаңыз, соған жету жолына күмән келтірмеңіз. Жіберген қателіктеріңізден сабақ алып үйреніңіз.

Егіздер

Бүгін сіздің жаныңыз романтиканы талап етеді. Тағдыр сізге көптеген түйткілді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Барлық жұмысты мойныңызға ала бермей, тек өзіңізге пайдалысын ғана жасаңыз. Егер қиындыққа тап келсеңіз достарыңызға ойланбай сенім артуыңызға болады.

Шаян

Бүгінгі күн көп шаршатуы мүмкін. Достарыңызбен көп сөзге келмей, сабырлылық таныта біліңіз.

Сонда ғана сіздің достар арасында беделіңіз өседі. Бүгін көңілді кештерге шақырған көп ұсыныс түседі.

Арыстан

Ұсақ-түйек нәрселерге бола бас қатырмай, ең маңыздысымен айналысыңыз. Кешке жоспар құру, сыйлық жасауды сенімді адамға тапсырыңыз. Сонда ғана жеке ісіңіз алға басады.

Бикеш

Қазіргі таңда сіздің дәрежеңіз бен күш-жігеріңіз жаңа өзгерістерді таразылауға жетіңкіремейді.

Сондықтан сабыр сақтағаныңыз дұрыс. Әрбір басқан қадамыңызды ақылмен шешіңіз. Күн жақсы жаңалықпен есте қалмақ.

Таразы

Бұл күн сіз үшін сәтті басталады. Сіз көптен бері көз жазып қалған досыңызбен қайта қауышасыз. Бүгін сіз жетістікке жетесіз. Ал кеште қыдырғаныңыз абзал.

Сарышаян

Бүгін сіз ашуға көп ерік бересіз. Осы себепті көңіл-күйіңіз де болмайды. Тек қана жан досыңыздың берген ақыл-кеңесі сізді тығырықтан алып шығады. Жаңадан таныстық болуы мүмкін.

Мерген

Өзіңізге көңіл бөлетін уақыт жетті. Енді өз жоспарларыңызды жүзеге асырыңыз. Жұмыс барысында қандай қиындықтарға тап келсеңіз де, сабырлық сақтаңыз. Бірақ, жанжалдан алшақ жүргеніңіз абзал.

Тауешкі

Бүгін көп адамның қыңырлығын көтеруге тура келеді. Үй-ішіңізден біреу табылса, достарыңыздан біреуі шығады. Калориясы көп тамақты қолданбауға тырысыңыз.

Бүгін бір сымбатты адаммен кездесуіңіз мүмкін. Бірақ түрі келісті екен деп, бірден ғашық бола кетпеңіз, сөйлесіп көріңіз, мүмкін сұлу жүздің арғы жағында сіз қалаған адам болмауы мүмкін.

Суқұйғыш

Бүгін болатын оқиғалар əсерінен өміріңіздің түбегейлі өзгеруі ықтимал. Алда күтіп тұрған қиындықтарға дайын болыңыз, бəрін ақылмен шешуге тырысыңыз.

Жақындарыңыздың ақылын тындап сабақ алуға тырысыңыз. Денсаулығыңызға баса назар аударып, сабырлы болғаныңыз жөн.

Балықтар

Балықтардың көпшілігіне жеке басының қамын ойлайтын кез келді. Жеке өміріңізді бір арнаға салу керексіз.

Көңіліңізге жақын достарыңызбен жиі кездесіп, болашақ жарыңызды таңдайтын мүмкіндіктерді қолыңыздан шығарып алмаңыз.

Тағы да оқыңыздар:

Астана билігі үйін жарып жібермек болған тұрғынға небары 2 млн 600 мың теңге бермек болған

Жауапқа тартылмайтынына сенімді қызылордалық полицейлер жол ережелерін қалай өрескел бұзады?

Сұлтанов: Қазақстан қарыз көлемі жөнінен 12-орында тұр

Мәсімов Әбдібековке Сібір жарасы өршитін болса, жеке жауапкершілікке тартатынын ескертті

Қарағанды облысында тұрғындардың Сібір жарасын қалай жұқтырғаны белгілі болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1173561-28-mausymgha-arnalghan-zhuldyz-zhoramal/