Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 шілдеге арналған жұлдыз-жорамал

Опубликовано:

19 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz порталы назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Бәрі өз уақытымен болмақ. Ешқайда асықпаңыз. Жаймен қадам басып, қарсыластарыңызға оңбай соққы бересіз. Кеш болса да, бәрі сіз қалағандай болады!

Торпақ

Торпақтар жақсы адам болудан шаршады, енді олардың екінші келбетін көруге дайындалыңыздар. Барлық кінә өздеріңізден!

Егіздер

Сіздер демалуға тиіссіздер. Осы күнге дейінгі күйбің өмірден аластап, өздеріңізге жақсы бір демалыс беріңіз, таза ауада көбірек болыңыз.

Шаян

Бүгін шаяндар керемет махаббат ертегісіне саяхат шегеді. Сүйгендерімен қол ұстасып романтикалық кешке бармақ.

Арыстан

Өмірдің бір қалыпқа түсуі жүрекке сондай бір тыныштық әкелмек. Бүгінгі күннен рахат алыңыз, жаңа таныстармен араласыңыз.

Бикеш

Түсіндірудің қажеті жоқ! Бикештер шаршады, оларға тез арада демалыс керек. Сол себепті оларға жүйке жүйесін қалпына келтіру үшін бәрінен алыс кету керек.

Таразы

Бүгін қоғамдық көлікте немесе достарыңызбен бас қосқан жерде сіз өзіңізге арналған керемет жағымды сөздер естисіз. Бүгін сіздің көріктілігіңіз жоғары баға алмақ.

Сарышаян

Олармен мүлде ұрыспаңыз. Не ортақ шешім табыңыз, немесе оларға қарап ауыз ашпаңыз. Бүгін сарышаяндар өздеріңе өздері ұқсамайды.

Мерген

Мергендер өздерін алдағандардан, досым деп сатып кететіндерден шаршады. Енді олар өзгереді. Тек бүгінгі күнмен өмір сүретін болады.

Тауешкі

Сіз бір адамға сондай қатты ұнайсыз. Оны табу қиын емес, интернеттегі фотоларыңызға кім көп лүпіл басатынын байқап жүрсеңіз болғаны.

Суқұйғыш

Бүгінгі күн тек сіздерге арналған. Осы күннен ләззат алып, қыдырыңыз, билеңіз. Бәрі сіз үшін!

Балықтар

Бір қарасаң балықтарда бәрі жақсы сияқты, бірақ ішкі дүниесі алай-дүлей болып жатыр. Жандарын қоярға жер таппайды, бірақ өздері соның себебін білмейді.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Алматыда болған атысты теракт деп атады

Қаралы дүйсенбі: Алматыдағы атыстан жалпы есебі 5 адам қаза тапты

ҰҚК: Алматыдағы терактіні жасаушы бұрын сотталған салафит

Алматыдағы атыста қаза болған полицейлердің есімдері белгілі болды (фото)

Қасымов: Алматыны дүрліктірген лаңкес түнде жеңіл жүрісті әйелді атып тастаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1194010-19-shildege-arnalghan-zhuldyz-zhoramal/

pixel