Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

21 шілдеге арналған жұлдыз-жорамал

Опубликовано:

21 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz порталы назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Жұлдыздар бүгін тоқтыларға тыныш отыруға кеңес береді. Адам қарасы көп, шулы ортадан аулақ жүргендеріңіз жөн. Егер бір жерге шыға қалсаңыз, достарыңыздың ортасында жүргенде өзіңізді биік қоймаңыз.

Торпақ

Торпақтар бүгін жора-жолдастарымен бас қосып, жағымды жаңалықтардың бел ортасында жүреді. Өзі де өзгелердің бақытына себепші болуы мүмкін. Тек бұл сәтте ерекше аңғарымпаздық танытып, мұқият болған жөн. Торпақтар бүгін өздерінен ерекше жылылық нұрын бөліп жүреді.

Егіздер

Бүгін егіздердің екі сыңары да жастық еркеліктерін артқа тастап, ересек өмірді еңсергендей болады. Бүгінгі күннен алар еншілері де қомақты. Тек бақыттан басы айналып, қуаныштан керегесі керіліп кетпесе болғаны.

Шаян

Күні бойы талмай еңбек етіп, шаршап-шалдыққан шаяндар бейнетінің зейнетін көріп, кешкісін жақсы болып бір тынығады. Оны туған-туыстары да қостайды. Шаяндар жауапкершіліктен қашпайды. Асып, таспайды. Бірақ бүгін сараңдығы ұстап қалуы мүмкін.

Арыстан

Бүгін арыстандар достармен көңіл көтереді. Осыған орай күнін керемет өткізеді. Түстен кейінгі уақытты сыртқы келбетін жөнге келтіруге арнаған дұрыс. Азғантай қиындықтар туындап қалса, тез беріліп қалмаңыз. Достарыңызға сенсеңіз болғаны, олар бəрін шешіп береді.

Бикеш

Оларды әлеуметтік мәселелер аз қызықтыратын болады. Жеке өміріне, үй шаруасына, махаббатқа, хоббиге қатысты істермен айналысады. Егер бір қиындыққа тап болса, одан арылу мүмкіндігі де тез келеді.

Таразы

Оларды көруге барлығы ынтық болады. Көпшіліктің алдында беделі артады. Егер таразы жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізгісі келсе, онда алдында барлық есік ашылады. Қуаныштарына орай, бұл күн көп табыс пен көп ақша әкеледі. Бүгін кітап оқуға, жаңа таныстарды жолықтыруға қолайлы уақыт, махаббат мәселесінде әбден жолы болады.

Сарышаян

Бүгін Күн мен Шолпанның əсеріне ұшырайды. Күн жарық сыйлап, көпшіліктің көзайымына айналуға мүмкіндік береді. Ал мінезіне эгоистік сипат енгізеді. Шолпан сұлулық пен махаббатқа деген құмарлығын арттырады.

Мерген

Өте белсенді, сөзшең болады. Олар ішкі тебіренісімен, білімімен бөлісуге құмартады. Өкінішке орай, көпшіліктің арасында болуға уақыттары жетпейді. Кейбіріне күш немесе тыныштық жетіспей, жалғыз қалуына тура келеді. Бүгін жаңа қарым-қатынас орнатуға жағдай туады. Кешіңіз ерекше белсенділік пен қуанышқа толы болады.

Тауешкі

Бүгін бұрын-соңды шеше алмай жүрген жұмыстарыңыз болса, осы күнге жоспарлаңыз. Аздап ақша мәселесінде қиындықтар туындайды. Бірақ бұл уақытша ғана құбылыс. Назарыңызды достарыңызға, жаңа таныстыққа аударыңыз. Осының арқасында өміріңізде елеулі деген оқиғалар орын алуы мүмкін. Бүгінгі күн сіз үшін табысты болады.

Суқұйғыш

Жұлдыздар өзіңізге тек жағымсыз әсерін тигізіп, үнемі ұрысып жүретін жандардан бас тартуға кеңес береді. Әрине, жақын адамдарымызға көмектесіп, қол ұшын созуымыз керек, бірақ үнемі орынсыз сын айтып, біздің дәрежемізді түсіріп қалуға ұмтылатын жандарды ұнатпасақ, олармен жолығудың не қажеті бар?

Балықтар

Бүгін олар армандарын жүзеге асыра алады. Өзі жасап үлгермеген маңызды жұмыстарды уақытында орындауға достары мен әріптестері көмектеседі. Жоспарларыңыз міндетті түрде орындалады, тек жабырқамай, жүрегіңізді тыңдаңыз. Басыңыздан өтіп жатқан қиын қыстау кезеңде көптен бері жолықпаған адамыңыз көмектесуі мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Алматыдағы атыста тұрғындар жаралы полицейге көмек бермей, телефонға түсірген

Алматыда полицейлерді қырып салған лаңкестің әйелі елден кешірім сұрады

ОҚО-да аудан әкімі спорт алаңы мал жайылымына айналған мектепті көріп шошып кетті

Дәурен Абаев теракті кезіндегі «ақпараттық сәтсіздікке» қатысты түсінік берді

Қазақ қызымен отау құрған нигериялық жігіт қазақ тілін қалай меңгеріп алғанын айтты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1196534-21-shildege-arnalghan-zhuldyz-zhoramal/

pixel