Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

27 шілдеге арналған жұлдыз-жорамал

Опубликовано:

27 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz порталы назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Бүгін орынсыз əзілге орын бермеңіз, кей адамдар оны дұрыс түсінбеуі мүмкін. Күніңіз сіздің жолыңызда көптеген мәселелердің туындауымен және оларды шешу арқылы табысқа жетуіңізбен ерекшеленеді.

Торпақ

Үйдегі ұрысқа аса қатты мән бермеңіз. Күндегі уақыттан ерте оянғаныңыз жөн! Мақсатыңызға жай, бірақ дұрыс қадам жасаудасыз. Ең бастысы алған беттен қайтпау. Сүйікті жанмен кездессеңіз онда бүгінгі кеш ерекше есте қаларлықтай болмақ.

Егіздер

Ешкімге соқтықпай, тыныш қана өмір сүргендеріңіз абзал. Сыншы көз аз болған сайын, ісіңіз ілгері басады. Жұмыс орныңызды ешкім кедергі жасамайтындай етіп ұйымдастырыңыз. Бар күш-жігеріңізді жайлылық табуға бағыттаңыз.

Шаян

Олардың өмірі қызыққа толы. Жүрген жерлерінде тек күлкі мен мейірімділік қатар жүреді. Айналасындағы адамдардың бәріне сондай сүйкімді болып көрінеді. Ұнамды қылықтары өте көп. Осы жолыңыздан таймаңыз.

Арыстан

Сыртқы келбетіңіз бен киім киісіңізге, тіпті шаш үлгіңізге де өзгеріс енгізіп, күтіміңізді күшейтсеңіз артық емес. Сізге көз салып жүрген адам бүгін сөз салуы ғажап емес.

Бикеш

Кез-келген жерде өзіңізді сенімді ұстауыңыздың арқасында, айналаңыздағы адамдардың ерекше назарыңа түсесіз. Алайда, жеке өміріңізбен бұл көзқарастарды араластырмағаңыз жөн. Себебі, басқа адамның сізге жағымды сөз айтуы сүйгеніңізге ұнамауы мүмкін.

Таразы

Бүгін орын алатын кейбiр жағдайлар сiздiң моральдық жағдайыңызды дұрыстауға мүмкiндiк бередi. Бүгін сүйгеніңізге деген iңкәрлiгiңiз күшейедi. Жұлдыздар осы уақытта өз отбасыңызбен немес сүйіктіңізбен қызықты, көрнектi жерлерге баруға кеңес бередi.

Сарышаян

Бүгінгі күн болашаққа деген жоспарларыңызды құрып, алға ұмтылуға қолайлы уақыт. Мықты да сенімді достар табуға тырысыңыз. Достың саны көп, сапасы аз болмасын. Сүйікті адамыңызға көп көңіл бөлуді де естен шығармағаныңыз абзал. Кешке романтикалық кездесу болмақ.

Мерген

Мойныңыздағы қыруар қарыздан құтылуды уайымдап, бойыңызды күйзеліс меңдеп кеткені анық. Өзіңізге мұнша психологиялық қысым түсірмей, тиісті жерлерге барып, жағдайыңызды түсіндіргеніңіз абзал. Жақын достарыңыз бен туыстарыңыздан көмек күтіңіз. Тұрмыстағы мәселенің бәрі реттеледі

Тауешкі

Тауешкілердің бәрін өз күшімен істеймін деп көмектен бас тартуы сәтсіздікке әкеліп соғады. Қаржы жағына өте абай болыңыз. Дұрыс таныспаған адамдармен сөйлесуден аулақ болыңыз.

Суқұйғыш

Қиын сәттер көп болады. Бірақ қуаныштысы одан да көп болады. Бүгін өзіңізге деген сенімділігіңіз артып, қолыңыздан көп нәрсенің келетінін байқайсыз. Ол жан тыныштығын қамтамасыз етеді.

Балықтар

Бүгін бір жақсы іс жасап, беделіңізді жоғарылатасыз. Белсенді болуға тырысыңыз. Міндетті түрде жолыңыз болады. Күннің екінші бөлігінде болашағыңыздың жарқын болуына әсер ететін тұлғалармен танысасыз. Олармен кездескенде сөз таластырудан аулақ болыңыз.

Тағы оқыңыздар:

140 келі тартатын алматылық тұрғын семіздіктен салмағын көтере алмай қалды

Қоғамдық кеңес: Алматыда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін

Ұлттық банк теңгенің неліктен әлсіреп жатқанын түсіндірді

Алматыда із-түзсіз жоғалған Сафар Шәкеевтің анасы үндеу жариялады

Алматы тұрғыны көпқабатты үйдің сыртынан Алланың есімдері ұлықталған жазбаларды тапты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1202082-27-shildege-arnalghan-zhuldyz-zhoramal/

pixel