Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

29 шілдеге арналған жұлдыз-жорамал

Опубликовано:

29 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz порталы назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Кез-келген тәуекелге дайын болыңыз. «Шешінген судан тайынбас» дегендей, алдыңызға қойған мақсатқа жету жолында тәуекелге бара білу де керек. Тағдырдың тосын сыйы да бұл аптада аз болмасы анық. Қаржылық жағдайыңыз жаман болмайды. Дегенмен барға қанағат қылуды да үйренген жөн.

Торпақ

Сізді барынша қиын, бірақ сол қиындығына сай сыйы да үлкен бір шаруа күтіп тұр. Оны ойдағыдай орындап шығуға кәсібіңізге деген шексіз махаббатыңыз көмек болмақ. Айналаңыздағылардың ақылына жүгініп, қол ұшын созған жандардың қолын қайтармағаныңыз абзал. Ал кешті жақындарыңыздың жанында өткізіңіз.

Егіздер

Қай істе болмасын асығудың қажеті жоқ. Оның орнына дұрыстап ойланып, әр істі ой елегінен өткізіп алғаныңыз дұрыс. Өміріңіздегі кей проблемалардан бір уақыт бой жазып, жақындарыңызбен әңгіме-дүкен құрыңыз, мәдени орындарға барыңыз, демалыңыз. Сондай-ақ, денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.

Шаян

Бүгін тағдырдың тамаша сыйы аз болмасы анық. Күтпеген жерден жақсы ұсыныстар түсуі ғажап емес. Кешке жалғыз қалып, жеткен жетістіктеріңіз жайлы жақсылап ойлануыңыз сізге күш-жігер сыйлары сөзсіз.

Арыстан

Жұмысыңызға шын беріліп істесеңіз, сізді үлкен мүмкіндіктер мен тосын сый күтіп тұр. Айналаңызға көп жалтақтамай, өзіңізді жұмысыңызға арнаңыз. Сонда ғана жетер жетістіктеріңіз молынан болмақ. Айтпақшы, бұл күні достар арасында беделіңіз бір табан жоғарлау мүмкіндігіңіз мол.

Бикеш

Бүгін Бикеш жұлдызымен туған жандар үшін қай қырынан алып қарасаңыз да тек сәтті де тәтті болмақ. Қызметте де, оқуда да, жанұяда да, жеке өміріңізде де тек қуаныш пен бақытқа бөленесіз. Мұндай тамаша сәттің ұзағынан болуын қаласаңыз, қай істе болмасын, жылдам шешім қабылдаудан барынша аулақ болғаныңыз абзал.

Таразы

Бүгін Таразы жұлдызымен туған жандар үшін қай істе болмасын қолайлы. Көптен бері жете алмай жүрген армандарыңыз бүгін шындыққа айналуы да ғажап емес. Мұндай сәтті уыстан шығарып алмаңыз. Еңбектеніңіз, арманыңызға жетіңіз.

Сарышаян

Өміріңіздегі қарбаластан біраз бой жазып демалып алуға толық құқыңыз бар. Өзіңізді жұмысқа жеге бермей, бір уақыт өзіңізге көңіл бөліңіз. Денсаулығыңызға қараңыз. Уақытты барынша көңілді, әрі естен кетпестей етіп өткізуге талпынып көріңіз.

Мерген

Қай істе болмасын сабырлық таныта біліңіз. Сабыр түбі – сары алтын екенін естен шығармауға тырысыңыз. Айналаңызда болып жатқан жайттарға мұқият болып, бәрін де асығыс шешімнен бұрын, ой елегінен өткізу керектігін ұмытпаңыз.

Тауешкі

Қаржылық жағдайыңыз сіз ойлағандай еш қиындықсыз болады. Жаңа ұсыныстар түсуі мүмкін. Кез-келген жаңа бастаманы еш күдік-күмәнсіз бастап кете бергеніңіз жөн. Сәттілік сіздің жағыңызда. Сондай-ақ жақындарыңыздың жанынан табылып, олардан мейлінше қол үзбегеніңіз абзал.

Суқұйғыш

Суқұйғыш жұлдызымен туған жандар үшін бұл барынша табысты күн болмақ. Дегенмен біраз уақытыңыз жақындарыңыздан жырақта өтуі мүмкін. Ал бұл уақытта кімнің адал дос, кімнің амал дос екенін ажыратып алу қиынға соқпайды.

Балықтар

Армандарым орындалмады деп көңіліңізді бекер түсірмеңіз. Армандар орындалады! Тек оған жету үшін сіз де қадам жасауыңыз қажет. Алға ұмытылыңыз, армандарыңызға қол созыңыз. Ол үшін мақсат қойып, еңбектене біліңіз. Осындай қажырмен сіз ойыңыздағыға осы күні жетесіз.

Тағы оқыңыздар:

Жыл басынан бері Ақтөбеде мыңға жуық жас қыз жасанды түсік жасатқан

Кафелетіп, сыралатып үйренген бойжеткен қалай хиджап кигенін айтып берді

Руслан Күлекбаев: Расында, мен судьялар, прокурорлар мен полицейлерден кек алғым келді

Назарбаевтың қолына хат ұстатқан оқушы президентпен кездесудегі әсерін айтты

Күйеуінен ажырасып кеткен "КешYou-дің" экс-әншісі бала тәрбиесіндегі сырымен бөлісті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1204581-29-shildege-arnalgan-zhyldyz-zhoramal/