Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30 шілдеге арналған жұлдыз-жорамал

Опубликовано:

30 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz порталы назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Өз жұлдызыңызды қолыңыздан шығармай ұстаңыз! Қазір көп адамдар сізді қалай сынауға болады деп ойланып жүр. Бірақ сіз ештеңеден қорықпайсыз. Өте батыл жансыз. Әркезде алғашқы қадам жасауға әрдайым дайын тұрасыз. Ешқашан көңіліңіз түспесін. Армандаған мақсатыңызға жетуге аз ғана уақыттар қалды. Болашақта сіз ең ірі кәсіпкерлердің қатарынан табылуыңызда ғажап емес. Болашағыңыз өзіңіздің қолыңызда!

Торпақ

Сізді қазір көбісі жақсы көремін деп айтпасада көп адамдар ұнатады. Көңіліңіз еш түспесін. Себебі сіздің көңіл күйіңіз жоқ болса, бірнеше адамның да көңіл күйлері түсіп кетуі мүмкін. Кейбір адамдар тіпті өкінеді.

Егіздер

Қазіргі уақытта сізді көп адамдар сырттай білдіртпегенімен іштей ғашық. Кей кезде сіздің шынайы махаббатыңызды бағаламаған жандар күн сайын сіздің суретіңізге қарап, бірге өткізген керемет сәттерді есіне алып, еріксіз көзіне жас келеді. Басқа адамдарға айтарым, барынша Егіздерді бағалап, қасынан табыла біліңіздер. Егіздер әлемде ең мейірімді әрі ақкөңіл жандардың бірі болып табылады!

Шаян

Сіз оны өліп сүйесіз! Иә, иә білеміз! Қаншама жамандық жасаса да, одан бас тарта алмайсыз! Өйткені ол сіздің тағдырыңыз! Сүйіктіңізді жоғалтып алмаңыз! Қазіргі жұптар сіздерге қарап қызығады. Себебі өте тату тәтті жұпсыздар. Болашақта ең керемет отбасы болатындарыңызға сенемін. Сіздерге ешқандай ұрыс, керіс айыра алмайды. Басқа адамдарға айтарым, Шаяндардың бақытын тартып аламын дегендер, құр босқа уақыттарыңызды жоғалтпай өз жұмыстарыңыз істей беріңіздер.

Арыстан

Арыстандар Феррари көлік сияқты. Сондай әдемі және қымбат, Өз өзін қойып кетсеңдер тап қәзір біреу ұрлап кетеді! Арыстандарды қорғаңыздар! Оларды ешқашан жалғыз тастамаңыздар. Бақытты қылыңыздар. Ешкімге зияны жоқ, зиянынан пайдасы көп жанды қалайша қуантып, сыйламасқа. Өте керемет әрі ақылды. Сыйласа білейік, қуанта білейік. Әлемнің 8-ші кереметі ол - Арыстандар!

Бикеш

Сіздің жетістіктеріңіз оңайшылықпен келген емес. Бірақ мұны тек сіз білесіз, басқалар сізді дайынға келген деп ойлауда. Артыңыздан өсектер тасып жүрген адамдар көп, оларға мән бермеңіз, сонда олардың жынын келтіресіз. Қайда... әлі талай жетістіктерге жетесіз. Сол кезде көп адамдардың іші кәдімгідей күйетін болады. Себебі олар сізге сенбеді. Бикештер қасынан табыла білген адамды өмір бойы ұмытпайды.

Таразы

Бүгін адамдарға қамқор болуыңыз тиіс! Бүгін көп адам жыныңызға тиеді, олармен ұрыспай, сабыр сақтап, үндемей өтіп кетіңіз. Ертең сол адамдар сізге керек болып қалады. Сол кезде керегін олардан аласыз, ал олар сізге үндемей көмегін береді. Таразылар сіздер мақсаттарыңызға жетпей берілмейтін жансыздар. Біреу достарыңызды ренжітте ме, қалай болғанда да досыңызды алдына ренжіткен адамды тізерлеп отырғызып кешірім сұратасыздар. Өте батыл жансыз. Не болсада, достарыңызды еш тастамаңыз. Сіздің қасыңыздағы нағыз достар!!!

Сарышаян

Бүгін Сарышаяндар алдына ең маңызды мақсатты қойды. Сол мақсатыңызға жетпей еш берілмеңіз. Махаббатты уақытша ұмыта тұрып, біліміңізді әрі қарай дамытуға тырысыңыз. Жұмысыңызда да шаршап жүрсіз, біраз тынығып, өз өзіңізге келіп қайта аяғыңызға тік тұрып, өте батыл, әрі мықты екеніңізді көрсетіңіз. Сізді қазір көп адамдар жақын біле бермейді. Сіздің бойыңызда керемет қасиеттерді білсе, барлығы сізден дос болатын еді. Әттең сізде көп ашыла бермейсіз. Бірақ олда дұрыс, сырыңызды кейде ішіңізде сақтайсыз, кейде біреулермен бөлісесіз. Соңғы уақыттарды сәттілік сізбен бірге.

Мерген

Өткен күндердің көленкелері қайтадан оралуда. Басқа жанға бола сізді тастап кеткен адам қайтып оралады, оны қабылдамаңыз. Арам ойы бар. Нақты өзі келмесе де, қайтып оралғысы келген ойы бар. Ол адамнан аулақ болыңыз, өміріңізге үлкен өкініш алып келейін деп тұр!Бір рет алдап кеткен адамға екінші рет сену әрине өте қиын екені түсінікті. Өзіңіз оны жиі бақылаңыз, бір ағаттық жасады ма, кешірмеңіз. Қазір балықтарды бір адамдар сырттай сымбаттылығына тәнті болып жүр. Сізбен махаббат оқиғасына батқысы келеді. Өте керемет күндер әлі алда. Еш мұңаймаңыз!!!

Тауешкі

Сүйгеніңізбен біргесіз. Оны бақытты ету сіздің қолыңызда. Ол да сізге өлердей ғашық. Махаббатта жолы болған жандар деп сіздерге тамсана қарайтын жандар көп болады. Кешті сүйген адамыңыздың қасында өткізесіз. Осы бақытты күніңізге де шүкіршілік етесіз.

Суқұйғыш

Күніңіз тамаша күтпеген жаңалықтардан басталады. Ісіңізде алға жүреді. Махаббатта да жолыңыз болады. Еш нәрседен қаймықпаңыз тек алға. Алға қойған мақсаттарыңызда орындалып, жүзіңіз бақыт пен қуанышқа толады. Асығыс шешім қабылдамаңыз. Әр кез күліп жүріңіз. Күліп жүрген сайын сізге бәрі қарап, "қашан көрсеңде жүзінен бақыт кетпейтін қандай керемет жан" деп қызығатын болады. Әрине сіз айтпасада бақытты жан емессіз бе. Солай ма?!

Балықтар

Балықтарға нысананы дөп тигізген ұнайды. Әрқашан шындықты бетке айтып, тік , тура жүргенді ұнатады. Сүйгендеріңізге қаталырақ емес, жұмсақтау болғаныңыз жөн. Олар сізден қолдау күтіп жүр. Ашылып айтуға сіздердің тік мінездеріңізден бата алмайды. Балықтардың осы шындықты бетке айтатын мінезі барлығына ұнайды. Шыншылдығыңыз да.  Қазір сіздің сүйген адамыңызға сіздің қолдауыңыз аса қажет! Сол жағын ойлап қойыңыз.

Тағы оқыңыздар:

Елімізде мақтаулы қазақ-түрік лицейлері жаппай жабылуы мүмкін

Олимпиада алтынын алған спортшыға үкімет $250 мың төлейтін болды

Тарихта жерін шетелдіктерге жалға беріп экономикасын дамытқан ел болмаған

Орамал таққаны үшін жұмысқа алынбаған қыз әділетсіздікті қалай жеңгенін айтты

Бүркіт пен Аиша Мейрамбек Беспаевтан озып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1205755-30-shildege-arnalghan-zhuldyz-zhoramal/

pixel