jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақ тіліндегі ең әдемі сөз анықталды

: UGC

Stan.kz сайты сауалнама жүргізіп, нәтижесінде қазақ тіліндегі ең әдемі сөз "Айналайын" екенін анықтады.

«Айналайын» үлкеннің кішіге деген ризашылығын, махаббатын білдіретін, басқа ешбір өзге тілде баламасы жоқ көркем сөз.

Ал қазақ тіліндегі ең әдемі сөздердің үштігіне ең қадірлі де қасиетті ұғымдар – «ана» мен «әке» енді.

Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқандар «жаным» сөзінің қазақ тіліндегі алатын орны ерекше деген. Аталмыш сөз ең қымбатты деген жандарға айтылады. «Жаным» сөзі 4-ші орынды еншіледі.

Бесінші орында нәзік жандыларға қаратылып айтылатын – "аяулы" сөзі. Айта кетейік, бірнеше жылдан бері Аяулым Қазақстандағы ең танымал есімдердің бірі болып келеді.

Құлаққа жағымды естілетін келесі сөз – құлыным. Құлын – жылқы төлі, ал қазақ халқы қашан да жылқы малын қадір тұтқан. Осыны ескерсек, «құлыным» сөзіне қатысушылардың неліктен таңдау жасағанын түсіну қиын емес.

Ең әдемі 10 сөз қатарын "рахмет", "атамекен", "сезім" және "арман" сөздері толықтырды.

Ал қазақ тіліндегі ең жағымсыз естілетін сөз «құқық» екен. Алайда қатысушылардың көпшілігі ана тілде жағымсыз сөздің болуы мүмкін еместігін айтқан.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстаннан кеткен америкалық азамат Шымкентті сағынып жүргенін айтады

Шымкентте күйеуі бес баласымен тастап кеткен әйелдің өмірі бір-ақ күнде өзгерді

Мұхтар Тайжан: Қазақ тілін білмейтіндер биліктен кетсін!

Жазира Жаппарқұл Олимпиада жүлдесі үшін алған қаржысын түгел сіңілісінің еміне жұмсамақ

Шымкент тұрғыны құдасының мойнына шыққан ісікті көлбақамен қайтарды

 

Қазақ тіліндегі ең әдемі сөз анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.