29 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал
Жарияланған күні:
29 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz сайты назарларыңызға ұсынады.
Тоқты
Айтқан сөзіңізге аса көп мəн беріңіз.өзіңізді қорқытып, немесе айқаймен сыйлатудың қажеті жоқ. Өзіңізді үлгі боларлық іс-əрекетпен сыйлата біліңіз!
Торпақ
Сіз билеушісіз, əзірге тек шағын ортаны билей аласыз. Аздаған уақыттан соң мәртебеңіз өседі, яғни сізді бағалаушылар саны артады.
Егіздер
Сіз өміріңізге өзгеріс енгізуге неге асықпайсыз?! Бір сарынды өмірден жалығып кетпедіңіз бе? Қорықпай жаңа өзгеріс енгізе беріңіз, бəрі сіз ойлағандай болады.
Шаян
Бүгін қасыңыздағы ақылсыз адамдардың келеңсіз мінездеріне сəл сабырлық танытыңыз. Бұның соңы жай айқаймен емес, жұдырық та араласуымен бітуі мүмкін.
Арыстан
Бүгін еріншектік пен жалқаулыққа берілмеңіз. Оларды аянбай жеңіп, күніңізді керемет өткізуге тырысыңыз. Тек бос жатыспен өткізген күніңіз ешқандай пайда əкелмейді.
Бикеш
Бүгінгі күніңіз алдағы уақыттарда ыстық ықыласпен еске алып отыратын күн болмақ.
Таразы
Өмір сондай қауіпті əрі қиын деп үйде босқа жатуға болмайды. Кəне, жылы төсектен тұрып, жоспарларды орындауға кірісейік.
Сарышаян
Бүгін бір адамның жүрегіңе махаббат сезімін ұялатасыз. Ол адам өте керемет жан, болашақта сіздің жанашырыңыз болмақ.
Мерген
Қолыңыздан келмейді дейді ме?! Ал сіз жігерленіп , олардың қателескенін дəлелдеңіз. Мергендер кез келген қиындықты жеңуге дайын, тек алға!
Тауешкі
Көңіліңіз қаламаған істі біреудің көңілі үшін жасамаңыз, артынан өкініп қалмайтыңызға кім кепіл?
Суқұйғыш
Осы айда тағдыр сізге тек қуаныш сыйлағысы келген секілді.Өмір ғажапқа толы, бүгін соған тағы да көзіңіз жетеді.
Балықтар
Осы күндер ішінде сізді ренжітіп жүрген адамыңыз, бүгін кешірім сұрайды. Достықтарыңыз сізге қайтып келеді. Реніш пен достықтың арасы бір қадам.
Тағы да оқыңыздар:
Елімізде жыныстық жолмен СПИД жұқтырған әйелдер саны көбейген
Жамбыл облысында жарылыстан жапа шеккен жұмысшы ауруханада көз жұмды
Қазақстанда Әлия Назарбаеваны жылатқан фильм түсірілді
Арнайы жасақ Ақтөбе халқын тағы бір дүрліктірді (фото)
Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1266406-29-qyrkuyekke-arnalghan-zhuldyz-zhoramal/