ОҚО-да дұға етсең, қызметіңді өсіріп жіберетін киелі кесене бар
Жарияланған күні:
Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданындағы Домалақ ана кесенесіне ниет етіп келушілердің арасында қызметі көтеріліп, жолы болған адамдар жетерлік. Бұл туралы киелі орынның шырақшысы NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісіне айтып берді.
Домалақ ананың шын есімі – Нұрила. 1378-1456 жылдары өмір сүрген. Түркістан Яссы қыстағында туылған. Бойы кішірек, томпақ келген әйел болғандықтан ол Домалақ ана атанып кеткен дейді кесене шырақшысы Сәттігүл Дәулетова.
Домалақ ана – Бәйдібек биге он тоғыз жасында тұрмысқа шыққан. Емшілік және көріпкелдік қасиетімен ерекшеленген ол өз ортасында сыйлы аналардың бірі болған. Өмірінің соңғы жылдарын Ташкент қаласында өткізген Домалақ ана жақындарына ескі қонысы Қаратауға жеткізуді сұрайды. Себебі күйеуі Бәйдібек би түсіне кіріп, аян берген.
Жолға шыққан Домалақ ана егер алда бір жағдай болып қалса, түйенің үш қадамынан аспайтын маңға жерлеуді сұрайды. Тарихқа көз жүгіртсек, қазіргі Бәйдібек ауданындағы Балабөген өзенінде намаз оқып тұрып көз жұмып, сол жазыққа жерленеді. Бүгінде ол жер Домалақ ана кесенесі атанып кеткен.
1996 жылы кесене іші ақ таспен 12 метр биіктікке сегіз жапырақты етіп өріліп, күмбез орнатылған. Бүгінде бұл мекен қалың жұртшылықтың зиярат етіп келетін орындардың біріне айналды.
«1996 жылы кесененің ашылу салтанаты өтті. Оған елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты. Ал 2009 жылы абыройлы азаматтар киелі орынның жөндеуден өтуіне демеушілік жасады. Түрлі өрнектермен көмкерілді», - деп әңгімесін бастаған шырақшы жұртшылық киелі орынға түрлі тілектермен келетінін айтты.
«Тазаланғың келсе, әулиелерге бар» дейді. Сол сияқты Домалақ ана кесенесіне келішулер түрлі ниетпен келеді. Бірі ем сұрап, екіншісі жолының ашылғанын қалайды. Алладан бала тілеп келетіндер де бар. Келушілердің арасында «осы мекенеге келіп-кеткен соң жолымыз ашылып, үлкен қызметке тұрдық» деп айтқандары да бар», - деді шырақшы.
Кесене ауласында 2000 жылы Сара Назарбаеваның бастамасымен «Аналар» аллеясы салынған. Бабалар рухына құран бағыштап кетушілердің кейбіріне жүгіріп жүрген сәби мен жыланның бейнесі көрінеді екен. Ал кейде әлдекімдердің гүбірлеген дауысы мен сәбилердің күлкісі естіледі. Кесене шырақшысы мұндай көріністерге әбден үйреніп кеткенін айтады.
«Ауыл ішіндегі жыландар адам көрсе қаша жөнелуші еді ғой. Ал мұнда көзге көрінетін жыландар кәдімгідей бастарын көтеріп, қарап тұрады», - деп сөзін жалғады Сәттігүл Дәулетова.
Шырақшы кесененің ішін фотоға түсіруге рұқсат бермеді. Себебі тылсым күштің құдіреттілігі соншалық, кейде әруақтар бейнесі түсірілген фотоға ілініп қалады екен.
Қасиетті мекенге тек мұсылман жамағаты ғана емес, өзге дінді ұстанғандар да жиі келіп, дұға етіп кетеді. Көбіне ниет етіп келушілер арнайы автобуспен алыс-жақын қалалардан жиі келеді. Кесенені айнала жерасты бөлмелер орналасқан. Онда ниет етіп келушілер дұға оқып, тілек тілесе, қабыл болады деген сенім бар.
Шымкенттік тұрғын Сәуле Қарабекованың бұл киелі мекенге алғаш рет аяқ басуы. 44 жастағы келіншек осыдан біраз уақыт бұрын сырқаттанған. Кесенеге Алладан ем сұрап келіп отыр. Бұл орынның қасиеттілігін бұған дейін туыстарынан естігенімен, еш жолы түспепті. Оның серіктесі Гүлшарина Омарова да Домалақ анаға бірінші рет келіп тұр.
«Ниеттеніп, жолға шығарда анам бұл орынның қасиеттілігі туралы аз-кем мағлұмат берді. Айтуынша, осыдан біраз жыл бұрын өзі осында келіп, тілек тілеп кетіпті. Содан кейін жолы ашылып, үйдің берекесі кіре бастаған. Жасым 28-де. Ертерек тұрмысқа шығуымды сұрадым. Туыстарымның амандығын да тілеуді ұмытқан жоқпын», - деді ниет етіп келуші Омарова.
Кесенеден 700 метр қашықтықта Домалақ ана бұлағы бар. Оның суы түрлі дертке шипа. Сол себептен зиярат етіп келушілер оның суын өздерімен бірге алып кетіп жатады.
Тағы да оқыңыздар:
Алдағы тәуліктерде қар жауып, күн суытады
Павлодардың ең сұлу аруы белгілі болды (фото)
Олжас Сүлейменов немересінің тойын Түркияда дүркіретіп өткізді (фото)
Үйсіз ақсақалға жылы аяқ киім ұсынған астаналық жігіт жұртты тәнті етті (фото)
Астанада тойға туыспын деп кіріп кеткен бейтаныс ер адам қонақтарды тонап қоя берді (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1292615-oqo-da-dugha-etsenh-qyzmetinhdi-osirip-zhi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.