Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаудың таңғажайып табиғаты (фото)

Жарияланған күні:

Ұлылар мекені, дүрлер даласы – қасиетті Маңғыстау жерінің таңғажайып табиғатын nationalgeographic.kz сайты назарларыңызға ұсынады.

Ұлы дала елі

Маңғыстау облысы Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан. Жер көлемі 165,6 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Аймақ халқының саны — 624 мың. Ауа райы күрт құбылмалы, шөлейт дала болғанымен, құм сахарасының арасында жұмақ аралындай көкпеңбек оазистер кездесіп жатады.

Төрт құбыласы тең даңғыл, транспорттық әлеуеті зор, Қазақстанның теңіз қақпасы саналатын өлке өзінің экономикалық жетістіктерімен де мақтана алады. Орталығы — Ақтау қаласы.

Бекет ата кесенесі

Маңғыстау жері ІХ-ХІХ ғасыр­лар, тіпті, одан да ерте дәуір­лер­ге тән тарихи-мәдени жә­ді­гер­лер топтастырылған Қа­зақ­стан­дағы бірден-бір жер. Олар­­дың жиынтық атауын халық «362 әулие» деп атап кеткен.

Бекет ата, Шопан ата, Шақпақ ата, Сейсем ата секілді қасиетті орындар ғасырлар бойы халықтың рухани қажеттілігіне қызмет етіп келе жатыр. Қазақ мемлекеттілігінің мызғымас тірегі болған қастерлі есімдер талай ғасыр аунаса да, ұрпақ санасынан еш ұмытылмақ емес. Керісінше күн өткен сайын жаңарып, жаңғыруда.

Маңғыстау табиғаты ерекше

Үстірт пен ойпатты иен жайлаған арқар, ақбөкен, қарақұйрық секілді 200-ден астам сирек сүтқоректілер бұл даланың мақтанышы болып табылады. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер халықаралық және қазақстандық Қызыл кітапқа енгізілген.

Жусан, бұйырғын, күйреуік, сораң, жантақ, жыңғыл, қараған, қара сексеуіл сынды өсімдіктері ошаққа — от, малға — азық. Маңғыстау аспанының да өз тіршілігі бар: солтүстіктен оңтүстікке қоныс аударатын жыл құстарының негізгі трассасы осы жер арқылы өтеді.

Тағы да оқыңыздар:

ШҚО-да сегіз жасар қыз баланың өліміне қатысты күдіктінің фотосы жария етілді (фото)

Almaty Towers-тегі өрт ісі бойынша батут орталығының директоры құрықталды

Ағылшынша бір ауыз сөз білмей шетелге шыққан қазақстандық АҚШ-та беделді жұмысқа орналасты

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен тұман болады

Назарбаев 23 жыл бұрын төл теңгемізді қазақстандықтарға қалай таныстырды?

Денис Тен Париждегі жарыста күміс алды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1315235-manhghystaudynh-tanhghazhayyp-tabighaty-fo/