Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарихта айрықша қатыгездігімен ерекшеленген тайпалар

Жарияланған күні:

Барша адамзат тарихы жаратылғаннан бері жер, байлық, атақ-даңқ және басқа да игіліктер үшін болған бірталай қанды қырғын соғыстарды басынан кешіріп келеді. Осы орайда NUR.KZ  назарларыңызға тарихта бері айрықша қатыгездігімен ерекшеленген тайпалар тізімін ұсынады.

Маорилер

Маорилер жер бетіндегі жауынгер халықтардың бірі болған. Бұл тайпа қарсыластарымен төбелесуді көңіл-күй мен беделді көтеретін ең керемет тәсіл деп санаған. Жауына есе жібермеу үшін олар жалмауыздыққа дейін барудан тайынбаған. Өзге ұлт өкілдеріне қарағанда маорилер ешқашан біреуге тәуелді болмаған. Ал, олардың қанішерлерге арналған "хака" деп аталатын билерін әлі күнге дейін маорилердің регбиден ұлттық құрамасы орындайды.

Гуркхтар

Көптеген халықтың әлі келмеген Британ империясының отарлық шабуылдарын тыюға Непалдық гуркхтардың күші жеткен. Олармен соғысқан ағылшындықтардың пайымдауынша, гуркхтардың тым жоғары агрессивтілігі мен ештеңеден қорықпауы оларды өзгелерден айрықша етіп тұрған. Сол себепті де Англия тіпті ескі қарсыластарын әскери қызметкерлерінің қатарына қосқысы келген.

Даяктар

Бұл тайпада көсемдеріне жауының басын әкелген жасөспірімдер ғана еркек деген атқа ие болған. Осы бір дәстүрлеріне қарап-ақ даяктардың қаншалықты қатыгез халық екенін байқауға болады. Қуанышымызға орай, олар бізге тым алыста орналасқан Калимантан аралында өмір сүреді. Бірақ, сол жерде жүріп-ақ даяктар әлдеқашан дамып кеткен өркениетті мемлекеттерді қорқытқысы келеді.

Қалмақтар

Таңғалатын түгі жоқ: қалмақтар шын мәнінде әлемдегі ең ержүрек халықтардың бірі болып табылады. Олардың түпкі аталары ойраттар кезінде ислам дінін қабылдаудан бас тартып, кейін Шыңғысханың тайпасымен туыс боп кеткен. Қазіргі таңда қалмақтардың көбісі өздерін күллі ғаламды жаулап алғысы келген ұлы билеушінің ұрпақтарымыз деп мақтанады.

Апачилар

Бұл тайпа жүздеген жылдар бойы мексикалық үндістермен жер үшін күрескен. Кейінірек, олар бар айла-тәсілдерін пайдаланып ақ нәсілділерді жеңіп, ұзақ уақыт өз шекараларын қорғап тұрған. Апачилар бір кездері АҚШ-тың оңтүстік-батыс өңірлеріне қарсы соғыс ашып, алпауыт мемлекетке әскерлерінің бар күшін тек осы тайпаға бағыттауға тура келген.

Ниндзя жауынгерлері

Шамамен XV ғасырларда жалдамалы кісі өлтірушілер - ниндзялардың аты шыққан болатын. Неше түрлі тәсілдерді жақсы білетін әрі үнемі жасырын түрде жүретін жауынгерлер ортағасырлық Жапония елінің нағыз аңызына айналған. Кейбір тарихшылардың зерттеуінше ниндзяларды өз алдына бөлек халық ретінде де қарастыруға болады екен.

Тағы оқыңыздар:

Мұрат Әбенов отандық кинотуындылардың біріне балаларды апармауға шақырды

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Мемлекет басшысы Ресей және Түркия президенттерімен телефон арқылы сөйлесті

Қостанайда қала орталығы қоршауға алынды (фото)

Қазақстандағы ересек адамдардың 75,4 пайызы баланы "ұрып" тәрбиелегенді жөн көреді

Индонезияда ұшақ құлап, ондағы жолаушылардың барлығы мерт болды (фото)

Головкин-Джейкобс кездесуінде сатылатын билеттердің бағасы белгілі болды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1351328-tarikhta-ayryqsha-qatygezdigimen-erek/