Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық арна атақты Walt Disney мультфильмдерін қазақ тілінде сөйлетпек

Опубликовано:

https://kaztrk.kz/kz/a/16646

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы өзінің кішкентай көрермендеріне Walt Disney мультфильмдерін тарту етеді. 2016 жылдың 26 желтоқсанынан бастап 2017 жылдың 6 қаңтарына дейін Ұлттық арна Диснейдің үздік анимациялық фильмдерін мемлекеттік тілде көрсетеді.

«Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Walt Disney Company» студиясы мультипликациялық фильмдер көрсету туралы эксклюзивті келісімге келді. Қазақстан телекөрермені «Жаңа жылдық мерекелер Диснеймен бірге» топтамасы шеңберінде 13 мультфильм тамашалайды.

Мемлекеттік тілде алты мультфильмнің тұсауы кесіледі. «Үйректер оқиғасы» («Утиные истории»), «Күлшеқыз - 2» («Золушка-2»), «Күлшеқыз-3» («Золушка-3»), «Бэмби» («Бэмби»), «София ханшайым» («София прекрасная»), «Мұзды өлке» («Холодное сердце») кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді.

Бұл мульфильдер «Қазақстан» ТРК» АҚ дубляж студиясында аударылып, дыбысталды.

Ағылшын тілінен тікелей аударатын Қабшықбай Нағыз анимациялық фильмдерді аудару өте қызық, алайда өз қиындығы бар екенін айтады:

Тілдің көркемділігін, бояуын, түпнұсқасымен дәлме-дәл келтіру аудармашыдан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Тілдің мол мүмкіндігі, байлығы сарқа жұмсалса, аударма түпнұсқадағыдай әдемі, көркем, табиғи болып шығады.

Көркем аудармамен салыстыратын болсақ, бұл жерде өз қиыншылығы бар. Себебі, нақтылық, дәлме дәлдік керек. Әр сөз шектеулі, ауыздың қимылына да түсуі қажет. Сол жағынан қиындықтар туындайды. Әсіресе, мультфильмде ән айтылған кезде біраз ойлануға тура келеді.

Сондай-ақ, бұл күндері көрерменімізді «Рататуй» («Рататуй»), «Ханшайым мен құрбақа» («Принцесса и лягушка», «Тастағы семсер» («Меч в камне»), «Көкке» («Вверх»), «Немо» («Немо») (дубляж жасаған «Қазақстан» РТРК» АҚ), «Батыл жүрек» («Храбрая сердцем»), «Малифисента» («Малифисента») мультфильмдерімен қуантамыз.

«Қазақстан» РТРК» АҚ Дисней фильмдерін жоғары талғаммен дайындайды. Нәтижесінде, сапасы өте жоғары, әр кейіпкер қазақша сөйлеп тұрғандай көрінеді және фильмдерді дыбыстау барысында балалармен жұмыс істейтін бірден бір студия.

Рита Әбішева – дубляж режиссері:

Дауыстарды таңдау барысында адам мен кейіпкердің мінез-құлқы мен жасына көп көңіл бөлемін. Тіпті, олардың ұқсастықтарын іздеймін. Дыбыстау үлкен еңбек. Өйткені, бір кейіпкерді дыбыстау үшін мәтінді ондаған актерге оқытып көреміз.

Арасынан төрт, бес дауысты таңдап, «Дисней» компаниясына жібереміз. Олар да дауыстардың келісімін байқаған соң ғана, белгілі бір адамды бекітеді. «Дисней» компаниясымен осылай тығыз жұмыс істейміз. Есесіне, біздің туындыларымыз көз қызығатындай болып шығады.

«Қазақстан» ТРК» АҚ мен «Walt Disney Company» 2012 жылдан бастап серіктесе жұмыс істейді. Осы аралықта 100-ден астам отбасылық көркем фильм, 138 бөлім балаларға арналған ойын сериалы, 828 мультсериал, 16 толықметражды мультфильм қазақ тіліне аударылып, дыбысталды.

The Walt Disney Company (Уолт Дисней Кампани, Дисней) – әлемдегі көңіл көтеру индустриясының ірі қаржы конгломераттарының бірі. Компания 1923 жылы Уолтер және Рой Диснейдің бастамасымен шағын анимациялық студия ретінде құрылды. Бүгінде ол Голливудтың он бір көңіл көтеру паркі, екі аквапаркі және бірнеше телерадиотарату жүйесі, Америка телерадиотарату компаниясы (Эй-Би-Си телеарнасы) бар ірі студияларының бірі.

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1360950-ulttyq-arna-ataqty-walt-disney-multfilmderi/

pixel