Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зодиак белгілері үшін биылғы жыл қандай болмақ

Опубликовано:

Қазақстандық астролог Ольга Дарьина 2017 жыл зодиак белгілері үшін қандай болатынын айтып берді деп хабарлайды sputniknews.kz.

Оның пікірінше, 2017 жыл Қазақстан үшін былтырғы жылдан жағымды болмақ.

"Жалпы, бұл жыл материалдық жағынан оңай жыл емес, дегенмен жаңа мүмкіндіктер мен бастамаларға қолайлы болмақ. Әсіресе, от, жер және ауа стихиясына тиесілі белгілер үшін тұлға ретінде дамуға жақсы мүмкіндік туады. Су стихиясы өкілдерінің жеке өмірі жақсылыққа толы болады",  - дейді жұлдызшы.

Тоқты

Тоқтылар биыл алдына үлкен мақсат қойып, соған қол жеткізе алады. Бұрын шамаңыз жетпей жүрген белестер болса, биылғы жылы дегеніздің бәрі орындалады.

Торпақтар

Торпақтар қаржы жағынан қиындық көргенімен, материалдық жағдайын біршама жақсарта алады. Кейбіреуі біраз қаражат жинауы мүмкін.

Егіздер

Егіздер білім саласында үлкен жетістіктерге жетеді. Әсіресе, жаңа қолға алған салаларды меңгеру сәтті болмақ.

Шаяндар

Шаяндар бұл жылы отбасына көңіл бөлуі тиіс. Көпшілігі шаңырақ көтереді.

Арыстан

Арыстандардың жұмысы мен мансабында тасы өрге домалайды.

Бикештер

Бикештер денсаулық сақтау саласына назар аударғаны жөн, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен айналысуға болады.

Таразы

Таразыларды жаңа бастамалар мен мүмкіндіктер, саяхаттар күтіп тұр.

Сарышаян

Ең күшті жұлдыз – Сарышаян – өз күшін барынша пайдаланады. Көпшілігі сәби сүюі мүмкін.

Мерген

Мергендер жаңа идеяларды жүзеге асырып, биік белестерден көрінеді.

Тауешкі

Тауешкілер қолда бар мүмкіндіктерді көріп, пайдасына жаратуға тырысуы қажет.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар кей мәселеде сабырлық танытып, шыдамды болуы тиіс.

Балықтар

Балықтар шығармашылықпен айналысып, өз қабілеттерін дамытуға көңіл бөлуі тиіс.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізілуде

Жаңа жыл қарсаңында елімізде дауылды ескерту жарияланды

Назарбаев Ыдырысовты жаңа қызметке тағайындады

Қытайда панда адамға тап беріп, екі білегін сындырып тастады

Сүйіктісіне әдемі ұсыныс жасаған жас жігіт көпшілікті тәнті етті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1364252-zodiak-belgileri-ushin-biylghy-zhyl-qand/

pixel