Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы заманда қыздардың пәктігіне қатысты қандай дәстүрлер болған? (+18)

Опубликовано:

Бұрынғы заманда қыздарды пәктігінен айыру өзіндік дәстүрдің бір түрі болған. Бұл туралы vmirechudes.com сайты хабарлайды.

1. Кезінде Шығыста "кадебериз" деп аталатын адамдар болған. Олардың негізгі қызметі некеге түскенге дейін қызды пәктігінен айыру еді. Бұл міндет өте қауіпті саналып, оған тек жауапкершілігі мол азаматтар таңдалған.

2. Көне скандинав тайпалары алғашқы неке түнінде қалыңдықты орманға алып баратын. Сол жерде от жағып, Құдайға доңызды құрбандыққа шалған. Кейін сол орманда алғашқы неке түнін өткізіп, қыздың пәктігі расталмаған жағдайда, әйел өмір бойы жалғыздықта өту жазасына кесілген. Ал күйеу жігіт өзіне лайықты өзге қалыңдық іздеуге кіріседі.

3. Мысырда, Сауд Арабиясында және өзге де мұсылман елдерінде қыздың пәктігіне көз жеткізу үшін ақ матаны пайдалану әлі күнге дейін қолданылады.

4. Көне орыс неке дәстүрінде алғашқы неке түніне жас жұбайлардан бөлек күйеу жолдас та қатысқан. Ол күйеу жігіт өз зайыптық міндетін дұрыс атқара алмай жатса, көмектесіп, уақытша орнын алмастыра тұруы тиіс болатын.

5. Словакияның солтүстігінде, Боснияда және Черногорияда бұрындары қалыңдықты пәктігінен айыру міндеті күйеу жолдасқа жүктелген.

6. Тибетте керісінше қыздың пәк болып келгені анықталса, жас жұбайларды үйінен қуып жіберетін. Себебі, қыз алғашқы неке түніне дейін кем дегенде 20 жігітпен жыныстық қатынасқа түсіп үлгеруі керек болған.

7. Суматра аралындағы Закай тайпасында, тіпті ақылға қонымсыз дәстүр болды. Қалыңдықты пәктігінен оның әкесі мен әкесінің бауырлары айыратын. Кей кездері қалыңдықтар алғашқы неке түнін 10-70 жас аралығындағы 25 шақты ер адаммен бір мезетте өткізуге мәжбүрленген.

8. Үндістанда бұрындары қызды арнайы "шеберлерге" ақша төлеп, пәктігінен айырып отырған. Ондай шешімді қыздың анасы қабылдайды. Алғашқы түнінен кейін қыз балаға емдік шөптермен көмек көрсетіп отырған.

Тағы оқыңыздар:

Зейнеттегі ұстаз: Баян бақытын тапты, енді Бақытбекті түрмеден шығару керек

Соңғы 20 жылда істі болған танымал шенеуніктер кімдер?

Қырғыз жігіті ұшақ құлаған соң әйелі мен екі баласынан айырылып қалды (фото)

Әлемдегі ең табысты футболшылардың бірі лаңкес болып шықты

ОҚО-да қыз болып туылып, кейін ұлға айналған сәбидің тағдыры (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1380363-burynghy-zamanda-qyzdardynh-paktigine/

pixel