Алыс жолға шыққанда мына нәрселер автокөлігіңізде болсын

Опубликовано:

машина
Фото: Twitter

Сақтансаң сақтайды. Алыс жолға шыққанда келеңсіз оқиғалардың алдыңыздан кесе көлденең шықпайтынына ешкім кепілдік бермейді. Біреулер сол үшін алыс сапарға аттанар алдында автокөлігіне неше түрлі керекті-керексіз дүниелерді салып алады.

Сіздердің назарларыңызға автокөлікте қысы-жазы жүруі тиіс заттардың тізімін ұсынамыз.

От пен жарық көздері

Әрқашан жан қалтаңызға шырақ, сіріңке немесе оттық салып жүріңіз. Егер көлігіңіз қараңғы уақытта бұзылып жолда қалсаңіз, бұл заттар таптырмас құрал. Тек бұларды қолданарда сақтық шараларын есте ұстаңыз. Сондай-ақ қол шам да қажет болады. Егер ол  батареямен жұмыс істесе, артық батарея салып алыңыз.

Жол сілтегіш пен карта 

Ең дұрысы екеуін де бірге алып жүрңіз. Келе жатып, межелі бұрылыстан өтіп кетсеңіз, карта таптырмас құрал. Ол жерде тек сол қаланың ғана емес, бүкіл елдің автомобиль жолы көрсетілсе құба-құп. GPS-жол сілтегіш пен телефон өшіп қалуы мүмкін, ал картаны әрқашан пайдалана аласыз.

Су мен жол азық

Жолда көлік істен шығып, танымайтын жерде көп күтіп қалуыңыз мүмкін. Сол жағдайда жол азық пен су алып жүргеннің пайдасы бар. Тез бұзылмайтын жаңғақ, кептірілген жеміс-жидек, түрлі печеньелерді ұмытпаңыз.

Қол сөмке

Автокөлігіңіз істен шығып, жақын маңдағы елдімекенге немесе жанармай бекетіне жаяу барам десеңіз сізге қол сөмке қажет болады.  Бастысы, оның ішіне өзіңізге ең қажет деген заттар сыйса болғаны.

Көліктің құрал-саймандары

Машинаңызға күрек салып жүріңіз, өйткені көлігіңіз бір жерде батып қалуы мүмкін. Сізде артық дөңгелек пен домкрат бар шығар. Бірақ балға, бұрайтын кілт сияқты ұсақ-түйеу нәрселерді ұмытпаған жөн.  Дәнекерлеуші сым, лента, қосымша мотор майы да қажет дүниелер. Арнайы апаттық құралдар қауіпсіздік белдігін кесуге, терезені сындырып шығуға көмектесетіні сөзсіз.

Жылы киім

Жыл мезгіліне қарамастан көлікте жылы киімдер болуға тиісті. Жылы көрпеше, бас киім, шарф, қолғап, жылы кеудеше әрбір жолушыға қажет.

Байланыс құралдары

 

Айдалада дөңгелегің жарылып қалып, телефоның сөніп қалмас үшін өзіңізбен бірге қуаттағышты да алып жүріңіз. Көмек күтіп жол үстінде тұрсаңыз, сізді басқа жолаушылар байқауы үшін жол белгісі мен жарықдиодты шам қажет.

 

Алғашқы көмек құралдары 

Дәрі қобдишаңызда дезинфекциялайтын сүлгілер, антибиотиктік жақпа май, дәке және ауруды басатын дәрілер болуы тиіс. Егер ауыр жарақаттанған болсаңыз, бірінші кезекте жедел жәрдем шақыру керек екендігін еске ұстаңыз.

Дереккөз: readersdigest.ca

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1391847-myna-segiz-narse-alys-zholda-sizdinh-avt/