Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марсқа ұқсайтын Қазақстандағы 5 мекен

Опубликовано:

Пейзажы Марсқа ұқсайтын Қазақстандағы бес мекенді Массагет порталына назарыңызға ұсынады.

1. Үстірт. Сайлар мен жыраларға толы құмды алқаптар, ойпаттар, кеуіп қалған көлдердің сазды және сортаң орындары, сұр құба түсті топырақ, бұл – көлемі 200 мың шаршы шақырымға жуық, жазы ыстық әрі ұзаққа созылатын шөлейтті Үстірті жазығы. Аталған жазықтың тек бір бөлігі ғана Қазақстан жеріне кіреді. Қалған бөліктері Өзбекстан мен Түркіменстан шекарасында орналасқан. Мұнда ежелде үлкен теңіз болған деседі, сол себепті де көне балықтардың қалдығы мен алып акулалардың тістерін тауып алуға болады. Жоғарыда айтылған сыртқы ерекшеліктеріне байланысты Үстірттің Марсқа аздап ұқсастығы бар.

2. Шарын шатқалы. Жер бетінде сирек кездесетін бұл шатқалдар еліміздің оңтүстік-шығысында – Шарын өзенінің бойында орналасқан. Ұзындығы шамамен 150 шақырымға созылып жатыр. Шарын шатқалдары желдің ғасырлар бойы жасаған туындысы. Құрамында мыңдаған жыл бұрынғы шөгінділер кездесетін жартастардың биіктігі кей тұрстарда 300 метрге дейін жетеді. Олардың арасымен жүріп өтудің өзі адам баласын бір ғанибетке бөлейді. Бір-біріне мүлде ұқсамайтын шатқалдар түрлі кейіпке енетіндей. Келушілер олардың бірін аюға, бірін айдаһарға не қамалға ұқсатып жатады. Әсіресе, күн батарда Шарын қызғылт түске боялып, шатқал ішінде жүрген адамға Қызылжұлдызда жүргендей әсер береді.

3. Қиын Керіш. Геологтар мен археологтарды, суретшілерді байлайтын бұл жер Зайсаң көлінің солтүстік-шығысында орналасқан. Жақындаған сайын от шашқан сияқты көрінген Қызыл Керіш дөңдер қызыл түске боялған. Сол себепті де геологтар бұл араны кейде "балқып жатқан адырлар" деп атайды. Бұл керіштер миллиондаған жылдар теңіз бен көл түбінде жатқандықтан, әр түрлі химиялық құрамдағы қатпарлар қабаттаса беріп, әр дәуір өз қолтаңбасын, өз бояуын қалдырып отырғаны нәтижесінде пайда болған. Қызыл түстес топырағына байланысты бұл жерді келушілер үнемі Марспен салыстырып жатады.

 

4. Ақтау. Түрлі түске боялған бордан тұратын бұл жоталар Іле өзенінің теріскейіндегі Алтынемел ұлттық саябағында орналасқан. Бірінші кезекте өзге жерлерде кездеспейтін көркем көріністерімен ерекшеленетін Ақтау осыдан мыңдаған жыл бұрын тартылған үлкен теңіздің орны болып есептеледі. Ол да шарын шатқалдары секілді қазіргі пішініне су мен желдің әсерінен ие болған. Атауына қарап, бұл жоталар тек ақ түсті деп ойламаңыздар. Аспан астындағы геологиялық мұражай есептелетін Ақтау алыстан қарағанда ғана ақ болып көрінеді. Ал жақындағанда алуан түске боялады. Түстердің алуандығын шөгінділердің түрлі кезеңдерге және түрлі жыныстарға жататындығымен түсіндіруге болады. Ақтаудың шатқалдары лабиринт секілді, адам адастыратындай күрделі. Бұл Қазақстандағы Марсқа ұқсайтын кезекті мекен.

 

5. Ақжар. Табиғаттың бұл кереметі Қарағанды мен Қостанай облыстарының шекарасында орналасқан. Саз топырақ пен гипстің бірнеше минералы араласуы әсерінен Ақжар түрлі түске боялған. Айта кетерлігі, бұл жоталарда шөп жоқ. Олардың үстіндегі тастар алыстан қарағанда жылтырап, құдды бір шыны шашылып жатқандай әсер береді. Алшақтығына байланысты мұнда туристер көп келмейді. Ол дұрыс та шығар, себебі бұл жердің топырағы кішкентай бала басқанда із қалдыратындай жұмсақ. Ақтау көрген сәтте кез келген жан бірінші кезекте ойына Марсты алатыны сөзсіз.

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Тағы оқыңыздар:

Шымкенттік полицей қарақшыны тауып берген адамға жарты миллион теңге сыйақы бермекші

Жадо мен Меруерттің кезекті сот отырысы қалай өтті?

Қазақстанда демалыс күндері қандай ауа райы қандай болады?

Батыс Қазақстанда тағы бір шенеуніктің былығы ашылды

Маңғыстауда дәрігерлердің қалтасын қаққан бас дәрігер ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1398892-qazaqstandaghy-marsqa-uqsaytyn-meken/

pixel