Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жар таңдауда әкесінің ұлына айтқан өсиеті: Қыдырымпаз қыздарға жолама

Опубликовано:

Жұбайлық өмірге аяқ баспас бұрын, ата-ананың пікірі әрбір перзентке әсер етеді. Осы орайда, жар таңдауда әкесінің ұлына айтқан өсиетін Massaget.kz порталы назарыңызға ұсынады.

«Ұлым, өтінемін, ақымақ және қыдырымпаз қыздарға жолай көрме. Бұл түкке тұрмайтын арзан атақ саған бос әурешіліктен өзге ештеңе әкелмейді. Ондай әйелдер сені күшті ете алмайды, тек өміріңді қателікке толтырады.

Аса талғампаз бол. Сиыр су ішкен жерге жылқы мойын бұрмайды. Мақтаулар мен марапаттарды босқа жаудыра берме, бірақ мейірімді бол. Қандай болса да әйелдерді сыйла. Себебі сен еркексің. Сөзбен ғана емес, іс жүзінде де осыны дәлелдей біл. Өзіңді төмендетуге жол берме, құлағанға қолдау бол.

Қай жерде болмасын жауапкершілікті мойныңмен сезіне біл. Өзіңе, сөзіңе, ісіңе жауап бере алатындай, әр адымыңды аңдап бас. Жеңіл ойға салынба. Қателестің бе, сабақ ал. Тек бір орында тұрып қалма. Әр қателік сені шыңдай түседі. Жанмен де, жүрекпен де «үлкен адам» бол. Қайсар бол, ештеңеден қаймықпа. Қорқыныш та болсын, сонымен бірге қорқынышты жеңе білетін ерік-жігерің болсын. Еркек атына затың сай болсын. Көзің тұнық, ойың анық болсын. Жүрегің жалған сеніммен тұманданбасын.

Маған сен, сен сүйетін қыз судың қос тамшысындай өзіңе ұқсайтын болады, өзің сияқты жігерлі, өзің сияқты ақылды. Өз сенімімен, өз ақиқатымен, өз соқпағымен жүреді. Оның жүрегі жараланған болса да, қателескен болса да, таңдауына құрметпен қарасын. Тілі ащы болса да, шыншыл болсын.

Саған ешқашан өтірік айтпайтын, адалдығымен тәнті ететін болсын. Жан дүниесінде не боп жатқанын көзінен көріп тұрасың, себебі саған қарағанда жанары оттай жанып тұрады. Қорықпа, жүрегіңнің үніне құлақ түр, ол саған тура жолды көрсетеді. Ұлым, маған сен, ол да сені дәл осылай іздеді", - деп өсиет қалдырған.

Тағы оқыңыздар:

Ресейден келген төреші Шымбұлақтағы қар көшкінінің салдарынан қайтыс болды

Көптен бері жұмбақ болған Кешьюдің жаңа құрамы белгілі болды (фото)

Төтенше жағдайлар комитеті ауа райына байланысты ескерту жасады

Жастарды интернет арқылы өлімге итермелеп жүрген кім? (фото)

Бір адамның қаны 2 миллион өмірді өлімнен арашалап қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1401816-zhar-tanhdauda-akesininh-ulyna-aytqan-os/

pixel