Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарапайым тұзбен жеті түрлі қиындықты шеше аласыз

Опубликовано:

Қарапайым тұздың сіз білмейтін жеті ерекше қасиетін NUR.KZ порталы humor.fm сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

1. Үтігіңіздің асты кірлеп кетсе

Үтікті барынша қыздырып, балауыз қағаздың үстіне тұз себіңіз. Кейін үтікті тұздың үстімен жүргізіп өтіңіз. Үтігіңіз бір минуттың ішінде тап-таза болып шығады.

2. Абайсызда жұмыртқаны еденге құлатып алсаңыз

Былғанған еденге тұз себіңіз. Ол барлық сұйықтықты өзіне сіңіріп алады. Нәтижесінде жұмыртқаның қалдығын тазарту жеңілірек болмақ.

3. Аяқ асты қазандағы майыңыз жалынға оранса

Лаулаған майды сумен өшіруге болмайды. Егер өрт сөндіргіш құрал болмаса, қалың қабат тұзды бетіне себіңіз. Күйіп қалмас үшін барынша абай болғаныңыз абзал. Себілген тұз ауаның өтуіне кедергі жасап, өрт сөніп қалады.

4. Қазаныңыз күйіп қалған тағамның қалдықтарымен былғанса

Қазанға қалың қабат тұз сеуіп, аздаған су қосыңыз. Он минутқа қалдырып, кейін жусаңыз, күйген тағам оңай кететін болады.

5. Ыдыс жуатын губка қатты кірлеп кетсе

Ыдысқа екі шыны су құйып, оған бір шынының төрттен бір бөлігіне тең тұз себіңіз. Дайын сұйықтыққа губканы малып, бір түнге қалдырыңыз. Таңертең губканы сорғытсаңыз, ол жап-жаңа болып тазарып шығады.

6. Ванна мен қол жуғыштағы кірді кетіру үшін

Бір шыны тұзды бір шыны скипидармен араластырып, оны губкаға жағыңыз. Губкамен ваннаны және қол жуғышты сүртіп шығыңыз. Ескерту: Бұны міндетті түрде қолғап киіп, терезені аша отырып жасау керек. Себебі, қолғапсыз қолыңыз ашиды және жағымсыз иіс шығады.

7. Ваннаңыздың тетігінен су өтпей қалса

Шынының төрттен бір бөлігіне тең ас содасын дәл сондай мөлшердегі тұзбен араластырыңыз. Кейін оны ваннаңыздың тетігіне төгіп, жарты шыны уксусты үстіне төгіңіз. Нәтижесінде кішігірім көбік шыға бастайды. 15 минуттан кейін ыстық қайнатылған суды тетікке құйыңыз. Сіздің ваннаңыздың түтігі тазарып шығады.

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің бай-бағландары "бақытты" иттерін қалай күтеді? (фото)

Тәуекел Мүсілім алғаш рет өзінің әкесі туралы шындықты ашып айтты

Қостанайда банк қызметкерлері 87 жастағы кейуананы мазақ қылды

Иманғали, Қасымжомарт, Дінмұхаммед, Саралар үйсіз жүр (фото)

Атырауда оқымай-ақ диплом сатып алған мұғалімдер ұятқа қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1412846-qarapayym-tuzben-zheti-turli-qiyndyqt/

pixel