Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жағаға шығып қалған өлі киттің ішінен табылған заттар жұртты шошытты

Опубликовано:

Осыдан 100 жыл бұрын Жер шарының аумағы адамзат үшін үлкен болып, оның бетінде өмір сүріп жатқан барлық тірі жан иесіне жететіндей көрінген. Осылайша адамдар жер байлығын пайдаланып, қоршаған ортаны ластай бастады.

Қазір адамдардың әрекеттерінен жануарлар зардап шегіп жатыр. Оған Солтүстік теңізінің бойына шығып қалған 29 өлі кит дәлел. Олардың ішінен үлкен көлемдегі пластик табылған. Біреуінің асқазанында 13 метрлі балық аулауға арналған ау мен көліктің 70 сантиметрлік сынығы табылған.

Адамдар теңіз, мұхиттарды ластап келеді. Дәл сол жерлерге барлық қалдықтар түседі. Пестицид, пластиктер су астында өмір сүретін тіршілік иелерін оқтан да тез өлтіреді. Кейбір елдер тіпті мұхитқа радиоактивті қалдықтарды тастаудан тайынбайды.

Әлемнің 80% жуық пластикалық қоқысы мұхитқа келіп түседі екен. Әдетте олар түссіз болады. Балықтар өздері байқамастан оларды жұтып қояды екен. Нәтижесінде азап өліммен өледі. Мынау үлкен кашолот Калифорниядағы жағалауға шығып қалған. Оның ішінен көп пластик шыққан.

Киттер көп жегеннен өлмейді. Олардың ағзасы пластиктің өзін қорыта алады. Ал одан кішкентай жануарлар пластиктен ішкі ағза мүшелерінің үзілуінен өледі.

 

Соңғы он жылдықта мұхиттарда үлкен қоқыс дақтары пайда бола бастады. Оның ең үлкені Тынық мұхитында еді. Қоқыс жиналған аймақтың көлемі Техас штатымен бірдей. Жақын уақытта адамзат қоршаған орта мен табиғатқа көңіл бөліп, маңызы зор мәселені шешеді деп үміттенеміз. Өйтпеген жағдайда Жер беті үлкен қоқыс алаңына айналмасына кіп кепіл.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да аудан әкімі алғыс айту күнінде халықтың ризашылығына бөленді (фото)

Сегіз рет тұрмысқа шыққан Алматы тұрғыны тағы да ажырасып жатыр

"Барселона" клубының бас бапкері қызметінен кеткелі жатыр

Димаш Құдайберген: Мен қазірдің өзінде жеңімпазбын (фото)

Отандық шоу бизнестегі тағы бір топтың құрамы өзгерді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1426167-zhaghagha-shyghyp-qalghan-29-oli-kittinh-ishinen/

pixel