jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Өлім алдындағы 30 секундта адамның қандай күй кешетіні анықталды

: UGC

Жетекші ғалым адам өлім алдында 30 секунд бойы қандай күйде болатынын анықтап, өлімнің қорқынышты құпияларын ашты. Бұл туралы NUR.KZ порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Невролог дәрігері Кэмерон Шоу өзінің зерттеу жұмыстары барысында өлім алдында не болғанын анықтау үшін әйел адамның миына талдау жасаған.

Оның не анықтағанын көрелік...

Ең алдымен адами қасиеттерден айырыламыз.

"Адамның миына қан айналымы төменнен келетін себепті, ми төменнен жоғарыға қарай өледі. Осы уақытта біз өмірге қажетті адами қасиеттерден айырыламыз. Бұның барлығы бастапқы 10-20 секундта болатын құбылыс", - дейді ғалым.

Жолдың соңынан жарқ етіп жанған жарық сәулесін көреміз бе?

Адам өлер алдында жарық сәуле көреді деп айтып жатады көпшілік. Алайда өлім алдында алдыңнан жарық сәуле шығады дегенді ойлап, бұдан ары басқа өмір бар деп айтудың өзі бос сөз болар.

"Себебі, мен бұл құбылысты медицина тұрғысынан түсіндірсем, адамның миына қан айналымы бармаған себепті көзінің қарашығы да тарыла бастайды. Қараңғы түнектің ішіне кіргендей болудың себебі де осында. Өлім осылайша келеді деп айтуға болады", - дейді ғалым.

Денеден жырақта жүру деген тәжирибеде бар ма?

Неврологияны тыңғылықты зерттеген ғалым Кэмеронның айтуынша, оның тәжірибесінде өліп, қайта тіріліп жатқан адамдар болған.

"Өлім аузында жатқан адамның миы небір шындыққа жанаспайтын қияли дүниелерді ойластырып алуы мүмкін, алайда біз бәріміз ондай жағдайда соқырмыз", - дейді ол.

Бүкіл өміріміз көз алдымыздан өтетіні рас па?

Иә, адам баласы өлім алдында расында да өмірінің ең керемет сәттерін ой елегінен өткізіп, көз алдында көреді екен. Ғалымдар бұл құбылысты да өздерінше дәделдеп көрген.

Иерусалимдегі Хадасса университетінің зерттеушілері өлім аузынан қайтып келген жеті адамға тәжірибе жасаған. Сондағы адамдардың айтқаны сол, олар санаулы секундтардың ішінде бүкіл өміріңді, барлық керемет сәттерді көріп, қобалжыған қайғылы сәттердің түгелін көріп шыққанына таң қалған.

Тағы да оқыңыздар:

Қызыл кілеммен жүріп өткен Димашқа қытайлық қыздардың бірі жармаса кетті (видео)

ҰҚК бұрынғы төрағасының қамау мерзімі тағы да ұзартылды

ЭКСПО-ның жаңарған маскоттары Астанаға қайта оралды (фото)

Қостанай облысында көңілдесінің немересін зорлаған педофил сотталды

Өлім алдындағы 30 секундта адамның қандай күй кешетіні анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.