Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалыңдықтан қалың мал талап еткен күйеу бала масқара болды (фото)

Жарияланған күні:

Үндістанда той соңы үлкен дауға ұласты. Қалыңдығынан қалың мал талап еткен тойымсыз күйеу бала көпшілік алдында масқара болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы jagrukbharat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетерлігі, үнділіктердің дәстүрі бойынша қалың малды керісінше жігітке береді. Чандва ауылында 18 жастағы Рубана Парвин есімді бойжеткен 26 жастағы Мунтадж Ансариге тұрмысқа шыққанына қарамастан, тойдан кейін үш сағат өткенде онымен ажырасуға мәжбүр болған. Себебі, күйеуі қалың малға берілген мотоциклді аздық етіп, одан да қымбатын алып беруді талап ете бастаған.

Қалыңдықтың 58 жастағы әкесі қонақ үй иесі болғандықтан, оған еш қиындықсыз бір мотоцикл алып берген. Алайда тойымсыз жігіт тағы біреуін алып беруді талап еткенде, оның шыдамы таусылыпты. Қалың мал берілмеген жағдайда, үйіне қалыңдықсыз қайтатынын айтып қорқытқан азамат ақыры опық жеп қалған.

Мұсылмандық дәстүрмен некесін қиған бойжеткен сол жерде мұсылмандық әділқазыларды шақыртып, олардың көзінше күйеуіне талақ айтады. Онымен қоймай, көпшілік жігітті тойымсыздығы үшін басын тақырлап жазалаған. Ал жаңа ғана ажырасқан бойжеткенге көп ұзамай басқа күйеу табылды.

Ол бірден 25 жастағы өзге жігітпен некесін қиып, тойды жалғастырған.

"Мен бұған еш өкінбеймін. Қызым мұндай дүниеқұмар жанмен өмірін байланыстырмағанына қайта қуанамын", - дейді қыздың әкесі.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте бірлік мерекесі қалай тойланды? (фото)

Елбасы қазақстандықтарды бірлік мерекесімен құттықтады

Венесуэла президенті елдегі ең төменгі жалақыны 60 пайызға өсірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1481745-qalynhdyqtan-qalynh-mal-talap-etken-kuy/