Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәулеті тасыған арабтардың таңғаларлық дәстүрлері

Опубликовано:

Барлығымыз Араб шейхтарының өте бай тұратынын білеміз. Бірақ, араб елінің үйлену той мен танысу, ажырасу жағына келгенде өзге елдерге көп ұқсай бермейтін ерекшеліктері бар. Бұл туралы қызықты деректерді fishki.net сайтына сілтеме жасап NUR.KZ оқырман назарына ұсынады.

Танысу туралы фактілер

Жігіттің көзіне түскен қалыңдық күйеу жігіті ұнамай жатса, одан бас тартуға құқылы. Бірақ, отбасын құрулары туралы соңғы шешімді күйеу жігіттің отбасы қабылдайды. Араб қыздары арасында еуропалықтарға тұрмысқа шығатындар өте сирек кездеседі. Себебі, ондай қыздарды елден шығарып тастайды.

БАӘ-де ер адамдар еуропа қыздарына үйлене береді, бірақ некенің пайдасы тек күйеу жігітке ғана тиімді. Мұндай некеде әйел адам азаматтық алмайды, ал балалар болса әкелерімен қалады.

Үйлену тойы

Араб тойының міндетті элементінің бірі үйлену келісімшарты. Қалыңдықтың орнына шартқа оның ең жақын екі туысы қол қояды. Келісімшарт жасалған соң, той салтанаты бір жыл ішінде болуы тиіс. Тойға дейін күйеу жігіт қалыңдығымен тек туыстарының көзінше ғана көрісе алады.

Қыздардың қалыңмалы бірнеше мың долларға дейін барады. Сол үшін қыз баланы дүниеге әкелудің пайдасы зор.

Араб тойлары сән-салтанатсыз өтпейді. Дастарқанға тағамдардың бірнеше түрі қойылады, осылайша күйеу жігіттің отбасы өздерінің қонақжайлылықтары мен жағдайларын көрсетеді.

Арабтардың тойлары жеті күнге созылады. Мерекедегі ең күшті сусын кофе болып саналады. Себебі, мұсылман елі болғандықтан, үстелге ішімдік қойылмайды.

Отбасылық қағидалары

Әмірліктегі әйелдердің көпшілігі түрмедегідей жүреді деу қате пікір. Тұрмысқа шыққан соң, араб қызы қысқа белдемше, джинси және шолақ шалбар кие берсе болады. Араб әйелдері сәнқой келеді, олар дүкендерде замануи мата таңдап, бес-алты сағат жүреді.

Ал көшеге шыққан кезде тобығына дейін жететін жібек жамылғысын жамылып, бетін қара орамалмен жабуы тиіс. Көшедегілер көзі мен қолын, тобығын ғана көре алады. Қалған сұлулықтың бәрі күйеуі үшін!

Бүгінде қара жамылғы жамылатындар сирек. Бастысы бастарына ормала тақса болғаны.

Эмираттық әйелдердің барлығы дерлік жоғары оқу орнын бітіргенімен, көбіне жұмыс істеуге күйеулері рұқсат бермейді. Мұсылман әлемінен тыс өмір сүретін арабтар, ғасырлар бойына жалғасқан дәстүрлерін сирек ұстанады.

Ажырасу фактісі

Араб күйеу жігіті жарымен ажырасуға шешім қабылдаса, оған үш рет: «Талақ, талақ, талақ» деп айтып, кете беруіне болады. Бұдан кейін әйел адам үстіндегі киімімен ғана үйден кетуі тиіс. Сол үшін араб әйелдері өздеріне сыйланған алтындарды үнемі тағып жүреді.

Олар әлі күнге дейін бірнеше келі алтын тағады. Жігіттер гүл орнына, тек алтын сыйлайды. "Алтынсыз әйел—жалаңаш жан" деген мәтел осыдан қалған.

БАӘ-дегі әйелдер екі жағдайда ғана ажырасуға арыз бере алады: Күйеуінің көзіне шөп салғаны дәлелденсе. Бірақ, бұл фактімен ажырасу көп жағдайда мүмкін емес. Себебі, ол жақта көп әйел алуға рұқсат берілген. Ажырасқан әйелдердің екінші рет тұрмыс құруы өте қиын жағдай.

Егер, ер адам жарының өзін кешіргенін қаласа, онда оны қымбат мейрамханаларға апаруға, алтын сатып әперуге, өзге әйелдердікіндей үлкен үй салып беруге міндеттеледі. Сот сонда ғана әйелдің кешірімін қарайды.

Көп әйел алушылық

Исламда төрт әйел алуға рұқсат болғанмен, әр арабтың екі-үштен әйелі бар деп айта алмайсыз. Төрт әйелді жағдайы бар, өте ауқатты тұратын шейхтар ғана алады.

Әр әйелге бөлек сарай, жеке көлік пен қызметшілер бөлінеді. Ер адамның айлығы әйелдерінің бәрін теңдей бөлінуі тиіс!

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысының жары жанайқайын айтты (видео)

Тұрғындар Алғабастағы тағы бір үйдің құлайын деп тұрғанын айтып, дабыл қақты (фото)

Қазақ тойында тыр жалаңаш шешініп тастап, стриптиз билеген қыз жаға ұстатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1494727-dauleti-tasyghan-arabtardynh-tanhghalar/

pixel