Америкалық модель бетіне 30 рет пластикалық ота жасатса да, елге көрінуге ұялып жүр (фото)
Жарияланған күні:
Жантүршігерлік жол апатынан бетінің сау тамтығы қалмаған модель қыз, бұрынғы көркін қайтару үшін 30 рет пластикалық ота жасатқан деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.
30 жастағы Сандра Лингле Оңтүстік Каролинадағы жол апатынан ғажайыптың арқасында аман қалды. Модель 110 км/с жылдамдықпен көлігіне келіп соқтығысқан мас жүргізушінің кесірінен телефон дүңгіршегіне соқтығысқан.
Дәрігерлер ұзақ уақыт бойы оның өмірі үшін күреседі. Бойжеткен сыртқы келбетін қалпына келтіру үшін 30-ға жуық ота жасатқан. Дегенмен күлкісін қайтару үшін оған сегіз мың доллар қаражат жетпейді.
Оның басы баскетбол добының көлеміндей ісіп кетті, ал аузына түскен инфекция кесірінен дәрігерлер ол жақында тіссіз қала ма деп қорқуда. Жантүршігерлік апат салдарынан Сандра модельдік мансабын тастаған.
"Жол апатынан кейін менің өлгім келді. Мен өз өмірімді жек көріп, мына әлемнен бейнемді шашымның астында алты жыл жасыруға тырыстым", - дейді Сандра Лингле.
Бұрынғы сұлулығын қайтару үшін Сандра бетіне 30-ға жуық ота жасатқанымен, әлі күнге дейін бойжеткен сыртқы келбетінен ұялады. Оның үстіне дәрігерлер тісінен айырылып қалу қаупі бар деген соң, Сандра қажет деген сегіз мың доллар қаражатты жинастыруда.
Тағы оқыңыздар: "Бәрінің бас сүйегінен атқан": Сталиндік режим қуғын-сүргін құрбандарын қалай азаптады?
"Менің әрбір тісім қатты ауырады. Әр таң сайын олар орнында ма деп тексеріп тұрамын. Тісімнен айырылып қаламын ба деген қорқынышпен өмір сүремін", - дейді ол.
Апаттан кейін Сандра жүруді қайтадан үйренген. Барша қиындыққа қарамастан, Сандра мас жүргізушіні кешірген.
Жәбірленуші ол небәрі 18 жастағы, бүгінде үйленген, кішкентай қыздың әкесі атанған жігіт дейді. Ол қайта қалпына келмейтін сұлулығы үшін, біреудің өмірін құртқысы келмеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1508865-amerikalyq-model-betine-30-ret-plastik/