Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оразада уақыт өткізу үшін теледидар қарауға бола ма?

Опубликовано:

Рамазан айында ауызашарға дейін теледидар қарап, көбірек ұйықтау немесе бос нәрселермен айналысудың оразаға кедергісі бар ма, деген оқырман сауалына islam.kz порталы жауап береді.

"Қасиетті Құранда: "Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді. Бәлкім, тақуалыққа осылай жетерсіңдер" деп тақуалыққа жетудің жолы оразаны кемеліне келтіріп ұстау екені айтылған. Оразаның кемел болуы таң ағарғаннан күн батқанға дейін құр ішіп-жеу және жыныстық қатынастан тыйылу емес. Бәлки, дүние-ақырет үшін қайырлы істерге көбірек көңіл бөлу.

Мен оразамын деп әлде кімнің жауапты ісіне селқостық танытып, жақын-туысқандарға қолғабыс тигізбеуі, көбірек Құран оқып, уақытты тиімді пайдаланудың орнына артық ұйықы немесе теледидардан футбол көру сияқты алданыш нәрселермен шұғылдануы қасиетті айдың қадіріне жетпегендік. Немесе бұны шайтан Ібілістің: «Сен ыстыққа төзіп ораза ұстап жүрсің, ұйықта, теледидар көре бер» деп азғыруы екенін ұққанымыз жөн. Себебі, Алла елшісі (с.ғ.с): "Кімде-кім сөзі мен ісінде жалғандықтан (алданыштан) тазармаса, Алла үшін деп ішіп-жеуден тыйылудың бір пайдасы жоқ" деген.

Тағы оқыңыздар: Ауыз ашар дастарханында міндетті түрде қандай тағамдар болуы керек?

Алайда Рамазан айында уақытының көбін ұйқы немесе теледидар қарау сынды істермен өткізген кісінің оразасы қабыл болмайды деген түсінік жоқ. Дегенмен сауабы кемитіні немесе ұстаған оразасының қабыл болмай қалуынан сақтану керек", - деп жазады басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1509335-orazada-uaqyt-otkizu-ushin-teledidar-q/