Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қабір ішінде мал жайып, ондағы жемістерді жеуге бола ма?

Опубликовано:

Қорымға қатысты оқырманнан келген түрлі сауалға Қызылорда облыстық діни кеңес беру орталығының дінтанушы маманы Батырбек Убаев жауап береді деп жазады ihsan.kz.

Қорымның ішінде өсіп тұрған ағаштардың жемістерін жеу мәкрүһ. Тек мұқтаж жандарға жеуге болады. Өйткені шариғат бойынша қорымның ішіндегі барлық заттар уақф (яғни Алла жолындағы) мүлік болып саналады.

Қабірстанның ішінде мал жаю да мәкрүһ. Өйткені біріншіден малдар қабірлерді бұзып аяқ асты етіп таптайды. Екіншіден жануарлар қабірдегі азапталып жатқан адамдардың дауысын естиді.

Тағы оқыңыздар: Сирияға баруды армандап, жат ағымның жетегінде кеткен жігіт туысқандарымен қалай қауышты?

Қорымдағы бұтаны отын қылып пайдалануға да болмайды. Тек қорымның қарауылы не қызметшісі оларды қорым үшін немесе мұқтаж жандар үшін пайдаланса болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1513810-qabir-ishinde-mal-zhayyp-ondaghy-zhemiste/

pixel