Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

43 жастағы әйел жүкті екенін босанғанында бір-ақ білді (фото)

Опубликовано:

Жаңа Оңтүстік Уэльстің тұрғыны, 43 жастағы Алета О'Мира жүктілігін босанғанында бір-ақ біліп, аң-таң болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы tuko.co.ke сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алета денсаулығына байланысты жүктілікке қарсы имплант салдырған. Сол себепті, жүкті болатыны оның үш ұйықтаса да түсіне кірмепті. Ол тоғыз ай бойы құрсағында баласы барын, тіпті сезбеген көрінеді.

"Жедел жәрдем менің жүкті екенімді айтқанында, сене алмадым. Жолдасым сырқаттан емделіп жүрген еді. Оған ұрпағы науқас болып дүниеге келмес үшін ем тағайындаған болатын. Ал менде жүктілікке қарсы имплант болды", - деп таң қалды Алета.

Тағы да оқыңыздар: Қазақстан халқының саны 18 миллионға жетті

Әйел босануына бірер сағат қана қалғанда жүкті екенін ұққан. Денсаулығы нашар Алетаны дәрігерлер ота үстеліне дайындай бергенде, ол өздігінен сәтті босанады. Тоби есімді нәресте енді отбасының қуанышына айналып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1514061-43-zhastaghy-ayel-zhukti-ekenin-bosanghanyn/

pixel