Жын кірген адамды қалай анықтауға болады?
Жарияланған күні:
Адамға жын кіреді деген әңгіме шындыққа жанаса ма? Жалпы жын кірген адамның белгілері қандай? NUR.KZ порталы қоғамда жиі сөз болып жүрген адамға жын кіруі туралы мәліметтерді назарларыңызға ұсынады.
Кез келген адамға жын кіріп кету қаупі бар. Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын Рустамбек ақсақал адам бойына кіріп кеткен жынды шығарушы ретінде елге танымал. Оның айтуынша, жын кірген адамды байқау еш қиындық туғызбайды екен.
«Мәселен, көшеде әлдекім өзімен-өзі сөйлеп жатса, сіз «жын кіріп кеткен бе?» дейсіз ғой. Ал шын мәнінде ол өзімне емес, ішіндегі жынмен тілдесіп жатады. Жын кірген адамның мінез-құлқы кенеттен өзгеріп шығады. Туыстарына, айналасына өшпенділік пайда болады. Кейбіреулеріне әртүлі бейнелер көріне бастайды. Қараңғылық пен жалғызды жаны қалайды. Құран оқылған жерден өзін аулақ ұстауға тырысады», - дейді жын шығарушы қария. Тағы бір атап өтерлігі, жын жыныс талғамайды екен. Оны тілдесу кезінде анықтауға болатын көрінеді.
Осы ретте жын қандай жағдайға адам бойына кіріп кетеді деген сұрақтың туындауы заңдылық. Жын шығарушының сөзінше, адам қатты қуанып немесе шошынғанда, теріс жолда жүргенде, сонымен қатар қоқыс аралап, тазалықты сақтамаған сәтте жын адам бойына еніп алады екен. Одан өзге кейде жын адамға қара дуаның күшімен кіреді. Мұндай жағдайда оны анықтау қиындай түседі. Тек жын шығарушы ғана оны анықтай алады. Яғни, белгілі бір сүре оқу арқылы білуге болады.
Тағы оқыңыздар: Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі
Діни сауаттылықты арттыру мақсатында елге ақпарат таратып келе жатқан www.muslim.kz сайтында адам бойына енген жынның белгілері төмендегідей сипат береді екен.
Жынның адамға тиетін жолы көп. Оның арнайы белгілері де жоқ. Әр қилы және түрлі себептер болуы мүмкін. Дегенмен көп жағдайда төмендегідей белгілерінен байқалады:
- Ешбір себепсіз үнемі бас ауру;
- Аяқ-қолдың ұйығанын сезіну;
- Алла Тағаланы зікір еткенде, Құран оқығанда іштей қарсылық сезіну;
- Құранды тыңдағанда бас ауруын сезіну немесе дене-мүше еріксіз қимылдай бастауы;
- Жынның науқас тілімен сөйлей бастауы;
- Беймаза түстер көру және ұйқыда бейне бір құлап бара жатқандай сезіну.
Тағы бір ашық ақпарат көздерінде адамға жынның кіруі ұйқысыздыққа әкеп соғатыны жазылған. Ал ұйықтап жатқанда орынсыз күліп немесе жылау, дем алудың қиындай түсуі, әжетханада ұзақ отыру, себепсізден себепсіз жиі жылау, үнемі есінеп жүру сынды әрекеттер жын кірген адамның басты белгілері болып табылады.
Соңғы жиырма жылдан астам уақыттен бері жын шығарумен айналысып келе жатқан оңтүстікқазақстандық жын шығарушы Рустамбек Бегметов адам бойынан жынның шығуы Алла тағаланың арқасында екенін алға тартты. «Мен тек себепші ғанамын» деген ол жыннан арылған адам тура жолдан таймай, дін жолын ұстанғаны абзал дейді.
«Адам бойына кіріп алған жынды шығару Алланың құдіретімен орын алады. Тек одан арылған адам тура жолдан таймай, намазын оқып жүруі керек. Егер пенде теріс жолда жүруін доғармаса, жын қайтадан оның бойын паналап алуы мүмкін», - дейді жын шығарушы қария. Тағы бір атап өтерлігі, жын жас талғамайды. Тіпті жаңа туған нәрестенің бойын да пана етіп алуы мүмкін екен. Көп жағдайда «Бақара» сүресін оқу арқылы жынды адам бойынан шығаратын ақсақал адам баласының жанын паналап алған жындарды қайтару уақыты да белгілі бір уақытқа бағынбайтынын айтты. Оның сөзіне сүйенсек, жынды шығарудың белілі бір уақыты жоқ. Кейде сүре бір оқылғаннан жын адам бойынан шығып кетсе, ал кейде апталап, тіпті бірі айлап шығара алмайтын сәттер де кездеседі екен. Әрине, барлығы адамның ішкі ниетіне байланысты екен. Бастысы, адам баласының тазалық пен спирттік ішімдік, шылым тарту секілді теріс әрекеттерден жанын аулақ ұстауы маңызды.
Тағы оқыңыздар: Қазақстанның атақты дизайнерлері
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1676958-zhyn-kirgen-adamdy-qalay-anyqtaugha-bol/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.