Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шәкәрімнің өмірбаяны туралы не білеміз?

Опубликовано:

Ақын, жазушы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлын білмейтін қазақ жоқ шығар. Оның еткен еңбектері мен білімділігі қазіргі жастарға өнеге екені белгілі. Осы ретте NUR.KZ  порталы жазушы, ақынның өмірі туралы қысқаша мағлұмат бере кетпек.

Шәкәрім Құдйбердіұлы 1858 жылдың 11 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған. Яғни, Құдайберді Абайдың ағасы болып келеді.

Шәкәрім бес жасында әріп танып, оқуға беріледі. «Мұтылғанның өмірі» атты биографиялық өлеңінде Шәкәрімнің ауыл молдасынан сабақ алғаны айтылады. Жеті жасында әкесі дүниеден озып, ол атасы Құнанбайдың тәрбиесін алады. Атасы оның көңіліне қарап, қаяу түсірмей, еркелетіп өсіреді. Бетінен қақпайды. Бала Шәкәрімге әкенің жоқтығы жанына қатты батқаны соншалық, сол сәттен-ақ жоқтау айтып, жыр шумақтарын шығара бастапты. Бала күнінен ерекше дарынды болған ол домбыра тартып, саятшылық, сурет салу сынды өнерлерді меңгереді. Бүркіт баулып, саятшылықты да қолға алады. Ізденімпаз болып өскен оның сонымен қатар өлең жазып, ғылымға қызығушылығы да басым түседі. Көптеген деректерде Шәкәрім ағасы Абай Құнанбайдың мектебінен өткен деген ақпарат бар. Оның  талантты ақын, парасатты жан болуына да Абайдың тікелей ықпалы тиген. Ұстазы болған Абайдың айтуымен шежіремен айналысады. Өз бетімен білім алып өскен оның жетекшісі Абай болады. Қысқасы, Абай Құнанбайұлы Шәкірімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді.

Тарихи деректерде Шәкәрім Құдайбердіұлы қырық жасында орыс, түрік, араб, парсы тілдерін меңгергені жазылаған.

Тағы оқыңыздар: Найман руы туралы мәлімет

Шәкәрім Құдайбердіұлының өз бетінше ізденіп оқыған кітаптары туралы 1911 жылы Орынборда басылып шыққан «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар» шежіресінде жазылады. Көптеген деректерде Шәкәрім кітаптарды оқу барысында адам мен әлем сырын түсіну үшін оқығаны айтылады. Осы ойымен Меккеге де аттанады. Бұл 1905 жылы орын алған деген дерек бар. Стамбул кітапханасында он үш күн туған халқының тарихына қатысты кітаптарды оқып, бас алмай отырыпты. Осыдан соң «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» мен «Мұсылмандық шарты» атты еңбегін жазып шығады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы поэма жанрында ерекше қалам тербеген азамат. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ол реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына сүбелі үлес қосады. «Қалқаман-Мамыр», «Еңлек-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» дастандары мен «Әділ-Мәрия» романы да Шәкәрімнің қаламынан шыққан туындылар. Айтпақшы, 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Еңлік-Кебек», «Қазақ айнасы», «Ләйлі-Мәжнүн»,» Мұсылмандық шарты», «Ұшанық» туындылары жарыққа шыққан.

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жиырма үш жасымда», «Жылым - қой, жұлдызым - шілде», «Анадан алғаш туғанда», «Ойладым бір сөз жазайын да», «Байғазы» және тағы да басқа әндері бар. Айтпақшы, оның әндерін алғаш нотаға голландық азамат Альвин Эрнестовия Бимбоэс түсірген.

Абай мектебінен өткен Шәкәрім ұстазы секілді қазақ халқын әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстыру бағытын жалғастырады. Ол еңбек жолында үш бағытқа басымдық беріпті. Бірі: әлем әдебиетінің ойлы өкілдерін өз өлеңдеріне қосып, насихаттап отырған. Екіншісі: Толстой секілді қаламгермен тікелей хат алмасып, шығармашылық байланыста болған. Тағы бір бағыты, ол өзге елдер әдебиетін қазақшаға аударып отырған.

Тарихи деректерде Шәкәрім кісі қолынан қаза тапты делінеді. 1931 жылдың күзінде ол аудан орталығына астындағы атымен бет алыпты. Бұл кезде бандымен байланысы бар деген күнәмен ұсталып, босап шыққан сәті. Жетпіс үш жасқа келген ол мылтықтан атылған оқтан қаза табады.

Тағы оқыңыздар: Қорқыт ата туралы не білеміз?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1678204-shakarimninh-omirbayany-turaly-ne-bilem/

pixel