Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі елдердің атауы қайдан пайда болды?

Жарияланған күні:

Әлем картасы
Әлем картасы және көзілдірік. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әлемде барлығы 251 ел бар. Олардың бәрінің атауы қайдан пайда болғанын ғалымдар түсіндіріп берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы travelask.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Әлемдегі 251 елдің атаулары географиялық орналасуына, елдің ерекшелігіне, тайпа немесе этникалық топтың атауына және тарихи тұлғаларға байланысты қойылған.
  • Жапония өз елін "Нихон" немесе "Ниппон" деп атайды, бұл "күннің негізі" дегенді білдіреді, ал грузиндер өз елін "Сакартвело" деп атайды.
  • Мадагаскар атауы Марко Полоның қате айтқан сөзінен пайда болған, бірақ жергілікті тұрғындар бұл атауды қабылдады, өйткені ол "мадегастар елі" деген мағынаға сәйкес келді.

Әлем елдерінің атауы

Оксфордтың әлемдік географиялық атаулары сөздігіне сенсек, мемлекет атаулары келесі төрт санаттың біріне кіреді:

Географиялық орналасуына қатысты атау

"Норвегия" атауы ескі норвегиялық "northr" және "veg" (Norðrvegr) сөздерінен құралған, ол "солтүстік жол" деген мағына береді. Австралия атауы болса, "белгісіз оңтүстік жер" мағынасына пара-пар (лат. terra australis incognita). Австрия — "шығыс патшалық".

Елдің ерекшелігі

"Коста-Рика" испан тілінде "бай жағалау" деген мағына береді. Мұндай атауды Христофор Колумб жергілікті тұрғындардың алып алтындар тағып жүргенін көріп берген.

Барбадоса атауын португалиялық зерттеуші Педро Кампос берген. Los Barbados "сақалдылар" деген мағына береді. Зерттеуші өңірдегі ағаштардың "сақалды адамдарға" ұқсас екенін байқап, осындай оғаш атау беріпті.

Ал Аргентина латынның "argentum" сөзінен шығып, "күміс" деген мағына береді. Өңірде кей мәліметтерге сенсек, өзен толы күміс табылған.

Тайпаның немесе этникалық топтың атауы

Ресей атауы "рос" атты халықтың атауынан пайда болған. Кей ғалымдар "рос" халқын көне викингтерге жатқызады. Франция — "франктар елі", ал Италия — "бұзаулар елі". Себебі елде бұзау өсірумен айналысатын витали халқы болған.

Танымал нұсқалардың біріне сәйкес, "Italia" сөзі латынның "vitulus" сөзінен шыққан, бұл "бұзау" дегенді білдіреді. Ежелгі тарихшылардың еңбектерінде бұл аймақтарды жиі "бұзаулар елі" деп атаған.

Неліктен дәл осылай аталған? Бүгінде бұл атаудың шығу тегі аймақтың құнарлы жерлерімен байланысты деп саналады. Сол құнарлы жерлер көптеген ірі қара мал өсіруге мүмкіндік берген, сондықтан аймақ осындай атауға ие болған деген пікір бар.

Тарихи тұлға

Филиппиндер атауын Филипп королінің құрметіне алған. Боливия елі тұңғыш президенті болған Симон Боливардың құрметіне аталды. Ал Америка саяхатшы Америго Веспуччидің құрметіне қойылды деген сенім бар.

Күншығыс елі

Жапондар өз елін "Нихон" деп атайды. Бұл атау екі иероглифпен жазылады. Бірінші иероглиф – "күн" дегенді білдіреді, ал екіншісі "негіз" деген мағынаға ие. Яғни, "Нихон" атауын "күннің негізі" деп аударуға болады. Ал көпке мәлім "Күншығыс елі" тіркесі Жапонияның әдемі атауы ретінде бүкіл әлемде кеңінен қолданылады.

"Нихон" сөзі кейде "Ниппон" деп те оқылады, өйткені екінші иероглиф cөзінің дыбысталуы өзгереді. Қазіргі уақытта "Ниппон" атауы "Нихонмен" шамалас қолданылады, бірақ ресми мағынасы сәл басымырақ. Егер жапон ұлтының өкіліне "Нихон" немесе "Ниппон" деп айтылса, ол бірден түсінеді, өйткені бұл сөздердің екеуі де "Жапония" дегенді білдіреді. Жапондардың өздері күнделікті әңгіме барысында екі атауды да еркін қолданады. Дегенмен "Ниппон" атауы бәріне таныс "Жапонияға" әлдеқайда жақынырақ секілді. Алайда "Ниппонның" қалай "Жапонияға" айналғаны әлі де түсініксіз.

Жапон қызы
Кимоно киген жапон қызы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сакартвело, Georgia немесе Грузия

Грузин халқы ана тілінде өз елін "Сакартвело" деп атаған және әлі де солай атайды. "Картвел" түбірі грузин халқының өзіндік атауын білдіреді, ал қосымша мен жұрнақтар "Картвелдер мекендейтін аймақ" деген мағынаны береді.

"Georgia" атауы (латын әріптерімен жазылған) Сакартвелоны білдіретін батыстық экзоним болып саналады. Бұл атау алғаш рет 1320 жылы Пьетро Весконтенің картасында қолданылған. Барлық алынған сөз "gorgan" сөзінен шыққан, ол парсының "wurgan" сөзінен пайда болған, ал ол көне парсы тіліндегі “vrkan” — "қасқырлар елі" дегенді білдіреді.

"Грузия" экзонимінің шығу тегі де осыған ұқсас, бірақ басқа жолмен трансформацияланған: Горган, Гурджан, Гурдж, Гурз, Груз. Кейіннен бұл атауға славян тілдеріне тән жұрнақ қосылып, атау Грузия болып қалыптасты. Бұл құбылыс Югославия, Болгария, Хорватия сияқты ел атауларында да байқалады.

Неліктен Мадагаскар бұлай аталды?

Әдетте осы аймақтағы елдердің атаулары аңыздарға, тайпалардың аттарына немесе географиялық ерекшеліктерге байланысты қойылады. Алайда Мадагаскарды объективті түрде аталған географиялық нысандар қатарына жатқызу қиын. Бұл аралдың атауы қате.

travelask мәліметі бойынша бұл қате атаудың себепкері – әйгілі саяхатшы Марко Поло. Қызығы, ол бұл аралда ешқашан болған емес. Өз әңгімелерінде Марко Поло бір порт туралы және ол естіген ғажайып арал туралы айтқан. Алайда бұл аралды кездейсоқ "Мадейгаскар" деп атаған. Сол сәттен бастап аралдың атауы өзгеріссіз сақталып, бүгінгі күнге дейін жетті.

Мадагаскар аралы
Көрікті Мадагаскар аралы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мадагаскардың басқа атаулары

Мадагаскар тарих бойы әртүрлі атаулармен белгілі болды. Міне, олардың тізімі:

  • Носси-Ндамбо. Бұл атау ежелгі жергілікті халықтан шыққан. Ол аралдағы жабайы қабандардың көптігіне байланысты қойылған. Мағынасы: "Қабандар аралы". Айта кетерлігі, бұл өңірдегі жалғыз тұяқты жануар – жабайы қабандар.
  • Джезирет-эль-Комр. Бұл атауды XI-XII ғасырларда аралға келген азиялықтар берген. Мағынасы: "Ай жері" (Лунная Земля).
  • Әулие Лаврентий аралы. Бұл атау XVI ғасырда Диогу Диаш басқарған еуропалықтардың аралды алғаш ашқан кезінде пайда болған. Олар аралға дәл Әулие Лаврентий мейрамы күні жеткен, сондықтан олар өз сапарының сәттілігі үшін әулиенің есімін берген.
  • Мальгаш Республикасы. Мадагаскар француздарға тиесілі болған 20 ғасырдың екінші жартысында осылай аталды.

Жергілікті тұрғындар қазіргі "Мадагаскар" атауын қабылдады, өйткені ол аралды мекендеген халықтың атауымен үндес болды. Тұрғындар өзін Марко Полодан әлдеқайда бұрын "мадегастар" деп атайтын. Жаңа атауды олар "мадегастар елі" деп түсініп, бұл оларға толықтай сай келді. Сонымен қатар жергілікті тұрғындарды "мальгаштар" деп те атайды. Міне, осылайша ғажайып аралдың атауына қатысты күрделі тарих қалыптасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1697608-alemdegi-barlyq-elderdinh-atauy-qayda/