Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ханзадалар мен ханшайымдардың ертегі секілді таңғажайып тойлары қалай өтеді?

Жарияланған күні:

NUR.KZ порталы әлем жұртшылығының таңдайын қақтырған ханзадалар мен ханшайымдардың тойын adme.ru сайтына сілтеме жасап назарға ұсынады.

1. Ұлыбритания: Уильям ханзада мен Кэтрин Миддлтонның тойы

Патшалық YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетілген бұл тойды 72 млн адам тамашалаған. Тойға 1900-ге жуық қонақ шақырылды.

2. Марокко: Мулай Рашид ханзада мен Ум Келтум Буфарестің тойы

Бұл той марокколық дәстүрге сай екі күнге созылған.

3. Германия: Ганноверский Эрнст Август ханзада мен Екатерина Малышеваның тойы

Британиялық монархтар ұрпағы саналатын Эрнст пен түптамыры орыс саналатын дизайнер Екатеринаның тойы Ганновердің басты шіркеуінде өтті. Той ертегідегідей өтіп, жас жұбайлар каретаға отырған күйі сарайға аттанды. Өкінішке қарай, ханзаданың әкесі бұл тойға бата бермегесін, неке қию рәсіміне келмей қойған.

4. Люксембург: Люксембургтің мұрагер герцогі Гийома мен графиня Стефании де Ланнуаның тойы

Ақсүйектер отбасынан шыққан жас жұбайлар тойды әдеттегідей хан сарайында өткізудің орнына, қалалық кеңес ғимаратында өткізген. Келесі күні олардың неке қию рәсімі өтті.

5. Бруней: Хафиза Сурурул ханшайым мен Мухаммад Рузаинидің тойы

Хафиза ханшайым — Бруней сұлтаны Хассанал Болкиахтың қызы. Әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Хассанал тойды дүркіретіп өткізді. 1700 бөлмелік сарайда өткен той бірнеше күнге жалғасқан.

6. Бельгия: Амедео Бельгийский ханзада мен Элизабетта Мария Росбох фон Волькенштайнның тойы

Римде өткен тойға Рим Папасының өзі жеке батасын берген.

7. Бутан: Бутан королі Джигме Кхесар Намгьял Вангчук пен Джецун Пеманың тойы

Сарайда өткен тойды бүкіл дерлік ел тойлады. Үш күнге созылған той елдің барлық қалаларында өткен.

8. Швеция: Виктория ханшайым мен Даниэль Вестлингтің тойы

Жеке фитнес-жаттықтырушысына тұрмысқа шыққан ханшайымның тойы аста-төк өткені соншалық, халқы мұндай шығынға қуана қоймады.

9. Иордания: Али бин аль-Хусейн ханзада мен Рим Брахимидің тойы

Той Иордания королі II Абдалланың үйінде өтті. Ханзада өзіне бұрынғы CNN журналисі әрі БҰҰ өкілінің қызын жары етіп таңдаған.

10. Австрия: Кристоф пен Аделаида эрцгерцогы Драп-Фриштің тойы

Бұл той өте қарапайым өтіп, оған небәрі 40 қонақ қатысқан.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда апалы-сіңлілі әйелдерді аяусыз өлтірген күдікті ұсталды

Оралдық әйел отбасымен бірге "Ислам мемлекетінің" құрығына қалай түскенін айтты

Қазақ қыздарының жүрегін жаулаған түрік актері Алматыға келді (видео)

Банкоматтан сыммен қыстырылған ақша алған шымкенттік тұрғын аң-таң болып қалды (видео)

Ташкентте есектің етінен колбаса дайындап келгендер жаға ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1698440-khanzadalar-men-khanshayymdardynh-toyy-q/