Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2018 жыл сізге қалай әсер етеді?

Опубликовано:

Жаңа жылға арналған жұлдыз-жорамалды "Замана" басылымы назарға ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Тоқты

2018 жылы Тоқтылардың күш-қуаты тасиды. Жағымды іспен айналысып, уақытыңызды пайдалы өткізгеніңіз абзал. Қызметіңіз бен кәсібіңізден бөлек ұсақ-түйек шаруа­ларға да көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Қарым-қатынаста талаптарыңыз барынша қарапайым болсын.

Торпақ

Ит жылы Торпақтардың қайраты мен төзімділігі сынға түседі. Шыдамды болыңыз. Отау құруды жоспарлаған болсаңыз, сезіміңізді басқарып үйреніңіз. Жеңіл-желпі қарым-қатынас­қа алданып қалмаңыз.

Егіздер

Егіздерді жаңа жылда мансабында, тіпті шығармашылық бастамаларында да мол табыс күтіп тұр. Отбасын құрып, сәбилі болу арманыңыз да жүзеге аспақ. Бас­тысы, өзіңізге сеніңіз.

Шаяндар

Ит жылы Шаяндарды қызықты жайттарымен, тосын сыйларымен қуантады. Жаңа достар тауып, қызметіңіз бен жеке өмірі­ңізде оң өзгерістерді бастан кешіресіз. Қаржылық жағдайыңызды жақсартуға да қолайлы жыл болмақ.

Арыстандар

Арыстандар үшін де ит жылы табысты әрі сәтті болады. Еңбекқорлығыңыздың көмегімен бірталай биіктерді бағындырып, жетістіктерге жетесіз. Сізге жағымпазданатындар көбейеді. Ондайларға алданып қалып жүрмеңіз. Шаңырақ көтеруге қолайлы жыл.

Бикештер

2018 жылы Бикештердің өмірі үлкен өзге­рістерге толы болмақ. Махаббатта да жолыңыз ашық. Саяхаттауға да қолайлы жыл.

Таразы

Таразыларға ұйымдастыру жұмыстарынан аулақ бола тұрған жөн. Одан бөлек несие алу, жылжымайтын мүлік алу секілді қомақты қаражат жұмсалатын істермен айналыспағаныңыз абзал. Есесіне бұл жыл шығармашылықпен айналысуға қолайлы.

Сарышаяндар

Сарышаяндардың өмірінде келер жылы оң өзгерістер болады. Үлкен қаржылық табыстарға кенелесіз. Алайда жақындарыңызбен қарым-қатынаста мұқият болыңыз.

Мерген

Ит жылы Мергендер тың қабілетімен танылып, нәтижесінде шығармашылықта және кәсібінде айы оңынан туады. Біліміңіз бен білікті­лігіңізді арттыруға, киноға, театр­ға баруға, сая­хаттауға бос уақытыңызды жұмсасаңыз болады.

Тауешкі

Тауешкілер 2018 жылы барынша сақ жүргені абзал. Қарым-қатынаста да, қызметте де сақ болуыңыз керек. Ұстамды, сабырлы қалпыңыздан танбаңыз. Құмарлық жетегінде кетпей, тәуекелге барудан аулақ болыңыз. Суретшілік немесе ақындық қабілетіңіз ашылуы мүмкін. Шығармашылықта табыстар күтіп тұр.

Суқұйғыш

Суқұйғыштарға ит жылында тәртіп пен ережеге бағынғандары жақсы. Сізді зор мүмкіндіктер күтіп тұр. Оны жіберіп алмай, пайдаңызға асырсаңыз болғаны. Сезім жетегіндей кетпесеңіз сіз үшін сәтті жыл болмақ.

Балықтар

Балықтар үшін 2018 жыл тосын сыйлар мен күтпеген жайларға толы болмақ. Жоспарыңыздың күтпеген жерден өзгеретініне дайын болыңыз.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1710024-2018-zyl-sizge-kalaj-ser-etedi/

pixel