"Ұсқынсыз" жігітпен көңіл жарастырған көрікті қыз желіні шулатты (фото)
Жарияланған күні:
Артық салмақ жинап алған "ұсқынсыз" жігітпен көңіл жарастырған 23 жастағы ерекше көрікті бойжеткен әлем назарына ілікті. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Вьетнамда тұратын Ми Лин 26 жастағы Нгуен Ху Хуэймен кездесіп жүр. Бұл жұптың арасындағы үлкен айырмашылық ел назарына іліккен. Бойжеткен мінсіз көрікке ие болса, оның ғашығы - 130 келі салмақ жинап алған азамат.
Ли Мин - елінде танымал болып үлгерген әрі желі парақшасына 40 мың жазылушы жиналған ару. Соған қарамастан, "ұсқынсыз" жігітке ғашық болып қалған ол жұрттың таңданысын тудырады.
Себебі, жігіттің ешқандай байлығы жоқ, қарапайым азамат екені анықталған.
Ғашығымен бірге түскен суретін желіге жариялағаны сол-ақ еді, көпшілік тоқтаусыз пікір қалдыруға кіріседі.
"Ол саған лайық емес", "Сен мұндай жігіт үшін тым кереметсің", "Ұсқынсыз жігіт сыныңды бұзып тұр", - деп сын-пікір жаудырғандарға ару еш мән бермеген.
Керісінше жігітімен бірге түскен суреттерін жиі жариялай бастаған ару онымен айырылысу ойында жоқтығын аңдатады.
Оның сүйіктісімен көңіл жарастырғанына екі жылдан астам уақыт болған.
"Махаббат - салмақ та, келбет те емес. Махаббат үшін тек қосағыңның қасында өзіңді жайлы сезініп, жүректерің бірге соғатынына көз жеткізу маңызды", - дейді ару.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1711271-skynsyz-zigitpen-kil-zarastyrgan-krikti-kyz-zelini-sulatty-foto/