Танымал түрік актерінің "егіз сыңары" табылды (видео, фото)
Опубликовано:
Танымал түрік актері Бурак Озчевитпен "егіз сыңардай" ұқсас азамат Әзірбайжанда тұратын болып шықты деп хабарлайды Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Басылым мәліметтеріне сүйенсек, Бурактың "әзербайжандық сыңары" жергілікті «Səhər-Səhər» бағдарламасында қонақта болған. Оның есімі - Бекир Бекирзаде.
Сымбатты жігітті көшеде көргендер оны түрік актеріне ұқсатып, әсіресе қыздар қауымы оны жібермей тұрып алады екен.

"Бұл ұқсастықтың жақсы да, жаман жақтары да бар. Халықтың түрік актерін жақсы көретіні соншалық, кейде бір жерде тыныш отырып шай ішу мүмкін болмай қалады", - дейді азамат.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1716596-tanymal-trik-akterini-egiz-syary-tabyldy-video-foto/