Қыздың орнына ұлды болған әйелдің ерекше таңданысы жұрттың жүрегін елжіретті (фото)
Опубликовано:
29 жастағы Дара Крауч екінші рет жүкті болғанында қызды дүниеге әкелетініне сенімді болған. Алайда ақыры ұлды болған әйелдің ерекше таңданысы көпшіліктің көңілін көтерді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Дәрігерлер Дараға ұлды болғанын айтқанында, әйел қатты таң болған. Бұл сәтті дер кезінде суретке түсіріп үлгерген фотограф оны желіге жүктейді.

Әйел бұл фотолардың арқасында бір күнде танымал болып шыққан. Белгілі болғандай, Дараның туған-туыстары соңғы 50 жылда тек қыз баланы дүниеге әкелумен болыпты.

Сол себепті, өзінің де ұлды болуы екіталай деп санаған әйел қолына ұл баланы алғанда, қуанғаннан айқайлап жіберген.

"Ұл бала екеніне сене алар емеспін!", - деп шаттанған Дараны бүкіл перзентхана естігендей болды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1717048-kyzdy-ornyna-ldy-bolgan-jeldi-erekse-tadanysy-zrtty-zregin-elziretti-foto/