Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұйқыдан оңай оянудың бес тәсілі қандай?

Опубликовано:

Таңғы уақыт - адамның ең маңызды шешімдар қабылдайтын уақыты. Сондықтан ол кезді ұйқымен өткізбей, барынша ертерек оянуға тырысқан жөн. Осы орайда segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы ұйқыдан оянуды жеңілдететін 5 пайдалы кеңесті ұсынады.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

1. Осы күні болуы тиіс қуанышты жағдайды еске түсіріңіз.

Адам әр күннен жақсылық күткен сайын, оның орындалуы да тезірек болмақ. Әрі жақсы идеялар мен үміт арқылы сіздің төсектен тұруыңыз да анағұрлым жеңілдей түседі.

2. Ұйықтайтын бөлмеге мән беріңіз.

Ең дұрысы, жарық жақсы түсетін, салқындау бөлмеде ұйықтау керек. Себебі жарық көзімізге түсе салысымен, миға ояну туралы сигнал барады екен.

3. Ерте тұру керектігін алдын ала жоспарлаңыз.

Ол үшін оятқыштың әуенін көңілді етіп, төсектен алыстау жерге қойыңыз. Сондай-ақ таңертең атқаруыңыз тиіс шаруаларды түнде бір еске түсіріңіз.

4. Дене жаттығуларын жасау арқылы ұйқыны ашыңыз.

Таңертеңгісін жай ғана ұйқыны ашып, өзіңізге ауыр салмақ түсірмейтін жеңіл жаттығуларды орындаңыз. Осылайша сіз сымбатыңызды ретке келтіріп, өзіңіз де белсенді жұмысқа кірісетін боласыз.

5. Ертеңгі күн үшін энергияны күні бұрын дайындаңыз

Ерте тұра алмаудың тағы бір себебі - ағзаға энергияның жетіспеуі болуы мүмкін. Сондықтан ертерек жатуға тырысыңыз. Сондай-ақ түнде дәмді тағам немесе тәттілер пісіріп қоюға тырысыңыз. Сонда таңертең тәттінің дәмін татуға асығып тұрасыз. Бұл сізге қажет энергияны жинауға да септігін тигізбек.

Қандай жағдай болмасын, жұмысқа немесе сабаққа асығып тұрсаңыз да, таңғы ас ішуді кейінге қалдырмаңыз. Бұл сіздің күніңіздің сәтті, тірлігіңіздің тындырымды болуына жасалған алғашқы қадам.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1717610-jkydan-oaj-oanudy-bes-tsili-kandaj/

pixel